Қазақстан Украинадағы шиеленісті реттеуге көмек көрсетуге дайын, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
«Біз туындаған мәселелерді реттеу үшін тараптарды диалогқа отыруға шақырамыз. Қазақстан қолдан келгенше келіссөздерге көмек көрсетеді, және шындап келгенде біз ол процестеміз де. Мен 20-лық (7-8 шілдеде өтетін G-20 саммиті) кездесуінде Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуіне үміт артамын. Онда ортақ ереже үшін қажет тұстарын анықтап көру керек», — деді Н. Назарбаев дүйсенбі күні Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесуінде.
«Ол бейбітшілік үшін, терроризм болып табылатын біздің ортақ қатерімізбен күресу үшін керек. Біздің бәріміз түсінеміз, дәл осыдан, мен украина-ресейлік дағдарысты шешуден Батыс пен Ресейдің арасындағы, сондай-ақ барлық ұлы державалардың арасындағы қарым-қатынастың реттеулі басталатынын, ал онсыз жаһандық экономика проблемаларын да, сондай-ақ жаһандық саясат пробелмаларын да, қауіпті бәріміз сезініп отырған терроризм мен экстремизм тудырып отырған қатер пролемаларын да шешу мүмкін емес дер едім», — деді ол.