Қазақстанда алғаш рет педагогикалық мамандықтардың ағылшын тіліндегі бөлімі ашылып, оған 1000 грант беріледі, деп мәлімдеді ҚР БҒМ жоғары және ЖОО кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Гүлзат Көбенова.
«Физика», «Информатика», «Химия», «Биология» мамандықтарын ағылшын тілінде оқуға 1000 грант қарастырылып отыр. Ондағы мақсат елде ағылшын тілді мұғалімдер қалыптастыру», — деді Көбенова.
Жалпы, оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда грант саны артып, қазір 37,5 мыңға жетіп отыр.
Дереккөз: naryk.kz