Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тарапынан облыс мәслихатының депутаты Амангелді Сопбековті пара берді деген күдікпен өткен жылы ұсталып, 3 млн. теңге көлеміндегі пара облыстық Білім басқармасының бұрынғы басшысы Қ.Құлажановқа (қазіргі таңда ОҚО әкімі аппаратының бас инспекторы) арналған болатын.
Облыстық мәслихатының депутаты А. Сопбековке қатысты қылмыстық істің материалдары сотта қаралып, депутатты кінәлі деп тапты.
Соттың шешімі Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясында қаралып, қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін, Шардара ауданының №50 сайлау округі бойынша алтыншы шақырылымындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Амангелді Әбдімәлікұлы Сопбековке қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты, депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысын облыстық мәслихаттың қарауына жолдаған.
Аталған ұсыныс 2017 жылдың 27 маусымында өтетін облыстық мәслихатының кезекті сессиясында қаралады.
Фото: M-astana.kz