Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қуаныш Айтаханов облыс активіне есеп берді
    Жаңалықтар

    Қуаныш Айтаханов облыс активіне есеп берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Кеше ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары мен зиялы қауым өкілдеріне депутаттық өкілетті мерзімі  аяқталуына  орай  есеп берді. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев пен барлық аудан-қалалардағы мәслихат хатшылары және БАҚ өкілдері  қатысты.
    Айта кетейік, Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов биыл 70 жасқа толғалы отыр.  Елге танымал қоғам қайраткері ғұмыр жолында облысымыздағы экономиканың түрлі салаларында басшы лауазымдарда еңбек етті. Арыс қаласының, Созақ, Сайрам, Отырар аудандарының әкімі қызметін абыроймен атқарды.
    «ҚР Парламентінің Сенатының екі шақырылымына депутат боп сайланды. Өңірде жинақтаған мол тәжірибесінің арқасында ел заңдарының жобаларына құнды ұсыныстар енгізе білді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы таңынан бастап, қазақ елінің қалыптасуына бағытталған саяси реформаларды жүргізуге, еліміздің құқықтық негізін қалауға және мемлекетті нығайтуға Қуаныш Айтаханұлының еңбегі орасан зор», — деді жиынды жүргізіп отырған Қайрат  Рахымұлы.
    Өз кезегінде сөз алған Қуаныш Айтаханұлы жиналғандарға алғысын білдіріп, 12 жылғы депутаттық мансабында атқарған жұмыстарын баяндап берді. Халық қалаулысы 12 жылдық депутаттық мансабында аудан, қала активімен 350 рет кездесу өткізіп, 705 рет еңбек ұжымдарын аралап, жиын өткізіпті.  Соның нәтижесінде Қуаныш Айтаханұлы  190 депутаттық сауал жолдап, 201 мақала жазыпты.
     «Мен жоғары оқу орнын бітіріп келгеннен кейін 52 жыл бопты қызмет істегелі. Соның 45 жылы комсомол, Кеңес, партия қызметтерінде, соңғы 12 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып еңбек етіппін. 17 жыл көлемінде аудандық, қалалық, облыстық кеңестің депутаты болыппын. 4 жыл ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты атандым. 2005-2011 жылдары елдің сенімімен, бірауыздан дауыс беріп, қолдауының арқасында   ҚР Парламенті Сенатының депутаты болдым. Жалпы алғанда аудандық, қалалық, облыстық, республикадағы заң зығарушы өкілеттілігінде 33 жыл депутат болып еңбек етіппін. Елге, Елбасына, облыс басшылығына алғыс айтамын»,-  деді Қуаныш Айтаханов.
    Жиын барысында халық қалаулысына облыстық мәслихат депутаттары тарапынан  «Депутаттық мансабыңыз бітсе, Астанада қалып кетпеңіз…» деген шырайда тілек- ұсыныс жасалды.  Есеп беру жиынының  соңында халық қалаулысы қатысушыларға «Елге қызмет – басты міндет» атты кітабын сыйлады.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.