Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Шетелдегі қазақтарға қазақ тілінде білім беріп, стипендия тағайындамақ
    Білім

    Шетелдегі қазақтарға қазақ тілінде білім беріп, стипендия тағайындамақ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Үкімет шетелдегі қандастарымыз ықшам орналасқан өңірлерде олардың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек.

    Бұл туралы Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Сыртта жүрген бауырларымыздың бір бөлігі – жастар. Олар ассимиляцияға түсіп, ана тілін ұмытып барады. Біз бұған ара түсуіміз керек. Үкімет шетелдегі қандастарымыз ықшам орналасқан өңірлерде олардың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Қысқа мерзім ішінде қазақ диаспорасын гуманитарлық бағыттағы әдебиеттермен, оқулықтармен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл онша қиын жұмыс емес. Біз өз ішімізде жасап жатырмыз, біраз көбейтіп, ағайындарға қол ұшын беруіміз қажет», – деп атап өтті Президент құрылтай барысында.

    «Шетте жүрген ағайынның ұрпағына көмек жасау, өсіп келе жатқан жастарға қолұшын беру қажет. Біз шетелдегі қазақ бауырларымыздың балаларына Қазақстанда білім алуларына бар жағдайларын жасаумыз керек. Қазір олар грант арқылы еліміздің жоғары оқу орындарында оқи алады, өздеріңіз білесіздер. Үкіметке қандастарымыздың жоғары білім алуларын қолжетімді ету үшін, оларға бөлінетін квотаны екі есеге көбейтуді тапсырамын», – деді Елбасы.

    Мемлекет басшысы қазір Қазақстанда білім мен ғылымға өте көп көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Тәуелсіздік жылдар ішінде 1500 мектеп салынды. Көптеген жоғары оқу орындары бой көтерді.

    «Дүниежүзі университеттерімен терезесі тең университеттер салынды. Назарбаев Университеті, Қазақ-Британ университеті, КИМЭП деген, IT-технологиялар сынды университеттер бар. Бірақ естеріңізде болсын, ол университеттерге түсу оңай емес. Егерде білімі жетпейтін болса, ол балаларға біршама дайындық оқытулардан өткізуіміз керек. Себебі қанша оқуға алғанменен, игере алмайтын болғаннан кейін, оқудан шығып кетеді, оны біз білеміз. Шетелдік қазақ студенттері үшін арнайы стипендиялық бағдарлама енгізу керектігін айтып отырғаным осыдан. Қай елдің азаматы болса да, елде оқыған қазақ баласы ертең, әрине, Қазақстанға қызмет етеді», – деді Президент Құрылтайдың ашылу салтанатында.

    Дереккөз: naryk.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.