Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да жас мемлекеттік қызметшілерге арналған көшпелі семинар өтті
    Жаңалықтар

    ОҚО-да жас мемлекеттік қызметшілерге арналған көшпелі семинар өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.06.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында «Болашақ – білімді жастардың қолында» атты жас мемлекеттік қызметшілерге арналған көшпелі семинар ұйымдастырылды. Семинарға облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Қайырбек Құнанбаев арнайы қатысып, жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

    Шараның мақсаты —  жас мамандардың бойындағы жауапкершілік сезімін оятып, мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру.  Жиында сөз алған аппарат басшысының орынбасары жас қызметкерлермен өзінің өмірлік ұстанымдарымен бөлісті.

    «Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады.  Өткен жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңында көрсетілген мансаптық модель жүзеге асырылуда. Осы заңда айтылғандай, мемлекеттік қызметшіні сіңірген еңбегі мен жетістігі, қабілеті мен кәсіби даярлығына қарай мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету қағидатына сүйенеміз. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы ашықтық, жариялылық, әділдік принциптерімен ұштастырылады»,- деді  Қ.Құнанбаев.

    Мемлекеттік қызметтің маңыздылығын көрсете отырып, имиджін көтеру мақсатында  «Менің ұжымым» және «Мемлекеттік қызметшінің бір күні» атты екі байқау жарияланған болатын.

    Байқау аясында кез келген мемлекеттік қызметкер өзінің бір күндік жұмыс күнін немесе ұжымын бейнероликке түсіріп, ұсынуына болады. Үздік деп танылған шығармашылық жұмыс шара  аясында марапатқа ие болады.

    Сондай-ақ, семинар аясында қатысушылар тақырыптық семинарлар мен топтық конкурстарға қатысып, тәжірибе алмасты.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.