Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да «Мемлекеттік қызметші күніне» орай бірқатар азаматтар марапатталды
    Жаңалықтар

    ОҚО-да «Мемлекеттік қызметші күніне» орай бірқатар азаматтар марапатталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.06.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстанда «23 — маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен кеште облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар тіледі.
    «Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқару жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі, алға жылжып дамуы мүмкін емес. Қазіргі қоғамның талаптарына сай билікке деген сенім де мемлекеттік қызметшіге қарап қалыптасады. Облысмыздың қарқынды дамуы Сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен ерік-жiгерлеріңізге тікелей байланысты. Сіздерді тағы да кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!», — деді Ж.Түймебаев.
    Салтанатты жиында мемлекеттік қызмет саласында көп жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, өз лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз орындаған, жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер әкімнің қолынан «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі мен Оңтүстік Қазақстан облысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасы және Алғыс хатын алса, көптеген азаматтар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласқа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Грамотасымен, жалпы саны 30 азамат марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар үздік мемлекеттік қызметшілерге Түркияда іс-тәжірибе алмасу үшін арнайы сертификаттар табысталды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.