Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент мұнай өңдеу зауытында тұтанған өрттен бір адам қаза тапты
    Жаңалықтар

    Шымкент мұнай өңдеу зауытында тұтанған өрттен бір адам қаза тапты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.06.2017Updated:23.06.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚазАқпарат — Шымкентте мұнай өңдеу зауытында болған өрт салдарынан бір жұмысшы қаза тапты. Қазір өрт сөндірушілер резервуарлардағы жалынды ауыздықтап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті берген мәліметке сәйкес, өрт бүгін таңғы сағат 07.51-де басталған.

    Тілсіз жау «Шымкент мұнай өнімдері» АҚ-ға қарасты қоймалардың ішіндегі резервуардан шыққан. Оның сыйымдылығы 3 мың текше метр және ол АИ-92 маркалы бензинге толы болған. Жанында 9 резервуар тұр. Оның 5-еуі бос болса, қалған төртеуі — толы. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде ер адамның мәйітін тапқан. Ол 1971 жылы туған Лесбаев Төрехан Әлімханұлы екені анықталды. Ол «Шымкент мұнай өнімдері» АҚ-да оператор болып жұмыс істеген. Алдын ала болжам бойынша, өрт шыққан кезде ол жанында болуы мүмкін.

    Оқиға орнында өрт сөндіру қызметтері мен сарапшылар тобы жұмыс істеуде. Жалын өшірілгеннен кейін, қайта тұтануда, толық ауыздықталған жоқ. Айта кетейік, қоймаға жақын маңда елді мекендер бар. Мәселен, Жұлдыз елді мекені — 400 метр, Қарабастау елді  200 метр қашықтықта орналасқан. Шымкент мұнай өңдеу зауыты олардан 700-800 метр қашықтықта тұр.

    ҚазАқпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.