Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстік полицейлері кәсіби мерекелерін кең көлемде атап өтті
    Жаңалықтар

    Оңтүстік полицейлері кәсіби мерекелерін кең көлемде атап өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елімізде жыл сайын 23 маусым күні — Қазақстан полициясы кәсіби мерекесін атап өтеді. Осыдан тура 10 жыл бұрын Елбасы полициялардың мерекелік датасын белгілеп, Жарлыққа қол қойған болатын. Яғни, 2007 жылдан бері тойланып жүр. Халықты қорғап, заңды қадағалап жүретін Оңтүстіктегі полициялар мерекені Абай саябағында бастап, Ассамблеяның ғимаратында концерттік бағдарламаға ұласты.

     23- маусым қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлерге алғыс білдіріп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін бейбіт күнде өз өмірін құрбан еткен полицейлерді еске алатын күн. Жалпы 1992 жылы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң қабылданды. Ол қазақстандық полицияның міндеттері мен функцияларын анықтаған алғашқы құқықтық құжат. Міне содан бері 25 жыл өтіпті. Қазақстанның тыныштығы мен қауіпсіздігін қадағалап жүрген кәсіп иелері 25 жылдығына орай марапатқа бөленді. Яғни, ғұмырын полиция саласына арнап, зейнет жасына шыққан ардагерлер, генералдар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі тарапынан марапатталып, құрметке бөленді.

    Сақадай сай сап түзеген мына сарбаздардың әрқайсысы — өз ісінің шеберлері. Жол тәртібін ойлаған инспектор, қылмыскердің ізіне түссе, таппай қоймайтын тергеуші, маңызды объектілерді қорғайтын күзет қызметкерлері де осында. Бұл полицейлердің жұмысын көрсетіп, халыққа есімдерін таныстыратын БАҚ болса. Міне сол қаламгерлерде мерекелік медальмен марапатталып, алғыс алды.

    Басымызға қауіп төніп, ұры-қарақшылардың құрығына ілінсек бірден 102-ні тереміз. Полицияға шағым айтып, арыз жазамыз. Халықтың мұңы мен зарына құлақ асатын кәсіп иелері мерекесіне байланысты сапқа тұрып, шеру жасады. Яғни, Абай саябағына жиналған қауым Ассамблеяның ғимаратына жаяу жол тартып, концерттік бағдарламаны көруге асықты. Жасөспірімдер тік тұрып қарсы алып, қошемет білдірді. Әскери қару жарақтар мен техникаларды тамашалап, мұнан кейін концерттік бағдарламаны көруге жайғасты. Әскери шенділердің құрметіне орай әдемі әуендер шырқалып, қарбалас тірліктен еңселері бір сәт серпілді.

    Орайы келгенде айта кетейік «полиция» сөзі көне грек тілінің «полис», «қала» деген сөзінен шыққан. Қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыспен күресетіндердің жұмысы бір қарағанда жеңіл көрінеді. Бірақ бұл аса қауіпті мамандық. Тіпті осы қызметте жүріп, қаза тапқандарда аз емес. Концерттік бағдарламаға ұласқан шарада осының барлығы айтылып, Орган жүйесіндегілерге ерекше ілтипат жасалды. Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толған бұл мереке қарсаңында айтарымыз заңдылық пен тәртіпті қорғайтын мамандар көбейсін. Ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік.
    Бағлан Байкөбекқызы
     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.