• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қазан 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді онлайн режимде ХҚКО-ның қызмет көрсету сапасы бақыланатын болады

23.06.2017
0

Ахуалдық орталық және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын үздіксіз бақылап отыратын болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Күн өткен сайын сапалы сервиске деген қажеттілік артып келеді, әрдайым табысты болу үшін кез келген ұйымның жұмысында клиентке бағдарланушылық бірінші кезекке шығады. Қызмет сапасын бақылау мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» бірқатар механизмдерді әзірледі.

Заманауи және әрекетті құралдардың бірі ахуалдық талдау орталығы болып табылады. Заманауи орталық онлайн режимінде бейне-мониторинг жүргізу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлеріне кеңес беру көмегін көрсету және сыбайлас жемқорлық белгілерін жою үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ахуалдық орталығының жиырма жұмыскері еліміз бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылай отырып, әрдайым халыққа қызмет көрсету орталықтарына бейнебақылау жүргізіп отырады. Бүгінгі таңда ахуалдық орталыққа мемлекеттік корпорацияның барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қосылған. Сонымен қатар ахуалдық орталық шалғайдағы ауылдық аймақтарға қызмет көрсететін мобильдік ХҚКО-лардың жұмысын бақылап, нақты уақыт режимінде олардың геолокациясы мен жүріс бағдарын анықтайды.

«Орталық мамандары нақты уақыт режимінде таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін фронт-офистің барлық іс-шараларына бақылау жүргізеді және қажет болған жағдайда, филиалдың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жедел түрде қызметкерлермен хабарласа алады. Мысалы, егер азаматқа қызмет сапасыз көрсетілген болса, ХҚКО-да тұрып-ақ 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалуына болады, ахуалдық орталықтың мамандары қоңырау шалушыны камера арқылы анықтайды және оны көзбен егжей-тегжейлі бақылай отырып, жедел түрде шағымның мән-жайын анықтап қана қоймай, қызметтің соңғы нәтижеге дейін жетуін қадағалап, себептерін жою үшін шаралар қабылдайды. Соңғы қайта құрылымдау барысында орталықтың маңыздылығын ескере отырып, біз ахуалдық орталық жұмыскерлерінің санын 20 адамға дейін арттырдық, ал қазір жер кадастры бөлімдерін және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және әлеуметтік төлемдерді ведомство аралық есептеу орталықтарын бейнебақылауға қоса отырып, ахуалдық орталықты жаңғыртуды жоспарлап отырмыз», — деп түсіндірді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Әсемгүл Балташева.

Егер адам мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде оған дұрыс кеңес берілмеді немесе кезек күту уақыты қажетті уақыттан асып кетті, немесе мемлекеттік корпорацияның жұмыскері дөрекілік көрсетті деп санаса, ол 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

«Негізсіз бас тартулар, қызметкерлердің дөрекілік көрсетуі немесе қызметтің ұзақ уақыт көрсетілуі бойынша барлық мәселелерді ахуалдық орталық арқылы тез шешуге болады. Біз мәселені тез арада шешу үшін шаралар қабылдаймыз және бізге келушілер алдағы уақытта қызметті жылдам және сапалы түрде алатын болады. «Кері байланыс» үшін біз әрдайым дайынбыз және көрсетілетін қызметтерді алуға келген адамдарға қуана көмек көрсетеміз әрі өзіміздің жұмысымыздың әлсіз жақтарын түсініп, түзетуге тырысамыз, — деді Әсемгүл Балташева.

«Мысалы, жақында көрсетілген қызмет үшін берілген төмен бағаға ренжіген Талдықорған ХҚКО инспекторы клиентке дөрекілік танытып, оған одан әрі қызмет беруден бас тартқан. Байланыс орталығына шағым түсіп, ахуалдық орталықтың қызметкерлері дереу жағдайдың мән-жайын түсініп, әйел азаматқа толық көлемде қызмет көрсетілуін қадағалады. Әрине, кінәлі қызметкер тәртіптік жазаға тартылды», — деп қосты Әсемгүл Серікқызы.

1414 Бірыңғай байланыс орталығы – бұл қызмет сапасына шағымданудың жалғыз жолы емес. Www.facebook.com/gos.corporation және www.instagram.com/gos_corp әлеуметтік желілерінде «Азаматтарға арналған үкімет» ресми аккаунттары арқылы қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша түскен әрбір шағымға қатысты әр фактіге шұғыл түрде тексеріс жүргізіледі және шағымданған пайдаланушыларға орын алған жағдай бойынша егжей-тегжейлі жауап ұсынылады. Шағымдар мен өтініштер «Азаматтарға арналған үкіметке» Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында Басқарма төрағасының блогы арқылы да түседі, ондағы бір де бір құжат қараусыз қалдырылмайды.

Сонымен қатар ХҚКО-ларға апта сайын ешбір ескертусіз қарапайым қызмет алушылар кейпінде «жасырын сатып алушылар» келіп тұрады. Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мұндай тексерістер мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы «осал жерлерді» анықтауға көмектеседі, ол келешекте ХҚКО инспекторларын оқытуға мүмкінді береді.

«Жасырын сатып алушылар» ХҚКО-ларға келген кезде барлық кемшіліктерді тіркеп, ол бойынша егжей-тегжейлі есеп дайындайды, оның негізінде біз фронт-офистердің басшыларына ұсынымдар береміз. Мысалы, кеңес беру кезінде мамандар қандай да бір қызметті көрсету бойынша ақпарат бере алмаса, менторлар жұмыскерлерге жұмыс орындарында оқыту сабақтарын жүргізеді», — дейді Балташева.

Корпорацияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, менторлық институт халыққа қызмет көрсету орталықтарында 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Менторларға ХҚКО жұмыскерлерінің ішінен үздіктері таңдалады. Әдетте, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіндегі олардың еңбек жолдары қарапайым өтініштерді беруден басталады, одан кейін жұмыс тәжірибесі мен өтілі арта келе, осы қызметкерлер өз әріптестерін оқыта алатын болады. Бүгінгі күні ХҚКО департаменттерінде 44 ментор жұмыс істейді және жақын арада олардың саны айтарлықтай ұлғаятын болады.

Дереккөз: Baq.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Елімізде 1 қазан – Қарттар күні. Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Белсенді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.