Ұлдар мен қыздар арасындағы жарыста «Жігер» спорт клубының командасы чемпион атанды, деп хабарлайды елорданың медиа орталығы.
Клубтың атынан 10 ойыншы қатысты. Қыздар арасында Аружан Қуанова, Кәмила Даниярова және Жайна Бекмахан, ұлдардан -Ернар Серік, Нұрбақыт Мыңтөре, Досжан Серік ептілік танытып, үздік атанды.
Ал күміс жүлдені ұлдар арасында №2 мектеп-гимназияның командасы еншілесе, №24 орта мектептің оқушылары қоланы қанағат тұтты. Қыздар арасында №18 мектептің командасы — үшінші орында.
Дереккөз: inform.kz