Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Д.Назарбаева: “Еркіндігі жоқ қауіпсіздік – хаос”
    Жаңалықтар

    Д.Назарбаева: “Еркіндігі жоқ қауіпсіздік – хаос”

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.06.2017Updated:23.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Астанада өз жұмысын бастаған ХІV Еуразиялық медиа форум барысында аталған шараны ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сөз сөйлеп, форум жұмысын ресми түрде ашық деп жариялады, деп хабарлайды egemen.kz.

    Жыл сайын өтетін форумның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, “Астана ЭКСПО-2017″ Ұлттық компания” АҚ  басшысы Ахметжан Есімов мен ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дарияға Назарбаева сөз сөйледі.  Дариға Назарбаева дәстүр бойынша форум биыл да қазіргі заманның ең өзекті проблемаларын талқылайтынын атап өтті.

    “Өкінішке қарай, ондай проблемалық жағдайлар азаяр емес. Қазіргі заман қорқыныш пен басқаруға келмейтін еркіндік кезеңі деп аталып жүр. Расымен солай ма? Жақында ғана жаһандануды прогрестің шыңы деп атаған едік. Ал енді ол адамдарды” қорқыта бастады. Себебі оған радикализм идеясы, ұлтшылдық, интеграциялық процестерден бас тарту секілді үрдістер қарсы шығуда. Бірақ кім жеңіске жетеді?”, деді Назарбаева.

    Оның айтуынша, террорлық актілер, Таяу Шығыстағы азаматтық соғыс, босқындар санының артуы Еуроодақ елдерінің кейбіріне қиын соғуда.

    “Британ әлеуметтанушысы Зигмунд Бауман адамзаттың негізгі екі құндылығы бар екенін дұрыс атап өткен. Олар – еркіндік пен қауіпсіздік. Ол екеуі бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Еркіндігі жоқ қауіпсіздік – хаос, ал қауіпсіздігі жоқ еркіндік – құлдық. Адамның жеке басының еркіндігін қауіпсіздік үшін шектеу – қиын дилема. Ал қазіргі ұрпақ нені таңдайды?”, деп сұрады Дариға Назарбаева.

    Дариға Назарбаева атап өткендей, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму жылдамдығы көптеген тарихи құндылықтар мен стереотиптерге деген көзқарасымызды өзгертуі мүмкін. Себебі ол замануаи адамның ойлау жүйесін басқаша қалыптастырады. Ал ақпараттық технологиялар әлем елдерінің шекарасын ашып жатқаны рас. Бірақ цифрлық революция мен ақпараттандырудың соңы не болмақ? Адам өмірі қалай өзгереді? Ең үлкен жетістік адамзатқа пайдасын тигізе алады ма?”, дей келе ол негатив пен пессимизмнен аулақ болған жөн екенін айтып өтті.

    “Біз жаңа ұрпақты мықты адам қылып тәрбиелеп, тарихи трагедиялардың олардың аяғынан шалуына жол бермеуіміз керек. Бізге жаңа заманда ата-бабамыздың рухани құндылығын бойына сіңіре отырып дамыған ұрпақ керек”, дей келе, Дариға Назарбаева журналистік этика мәселесіне де тоқталып өтті.

    “БАҚ – ақпаратық соғыстың өткір құралы. Бірақ бұл ретте ең маңыздысы – журналистік этика. Ал журналистік жолға түскен адамның мақсаты – халықты ақпараттандыру, азаматтарыдң танымын кеңейту. Осы жолды таңдағандар “Басқаларға зиян тигізбеу керекпін” деген қағиданы ұстануы керек. Бұл мәселеге медиа қауымдастықтарының пікірі қандай? Мен қойған сұрақтардың барлығына осы форум барысында жауап аламыз деп ойлаймын”, деді ол.

    Естеріңізге сала кетсек, ЕАМФ 2002 жылы Дариға Назарбаеваның бастамасымен бейсаяси әрі коммерциялық емес ұйым ретінде құрылды. Форум Батыс пен Шығысты толғандыратын көкейкесті мәселелерді ашық талқылауға бағытталған. Аталған іс-шара жыл сайын әлемнің 60-тан астам мемлекетінен халықаралық және қазақстандық БАҚ өкілдерін, саясаткерлер мен сарапшыларын бір алаңға жинап келеді.

    Дереккөз: naryk.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.