Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда халықтың 77 %-ы цифрлық эфирмен қамтылды – Абаев
    Жаңалықтар

    Қазақстанда халықтың 77 %-ы цифрлық эфирмен қамтылды – Абаев

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

    — Министрлік осыдан бір жыл бұрын құрылды. Елбасы бастамасымен бірқатар міндеттер қойылғаны белгілі. Өз кезегінде министрлік ауқымды шараларды жүзеге асырды. Атап айтар болсақ, «OTAU TV» пакеті арқылы «Хабар», «Қазақстан», KazSport телеарналары HD форматында жұмыс істей бастады. Аналогты хабар тартудан біртіндеп цифрлық хабар тарату жүйесіне ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір халықты цифрлық эфирмен қамту 77 пайызға жетті, -деді министр Дәурен Абаев.

    Министрдің сөзінше, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында цифрлық эфирмен қамту жұмыстары толық аяқталған. Ел аумағының қалған бөлігін цифрлық эфирмен қамту жұмыстары 2018 жыл соңына дейін аяқталатын болады.

    «Аналогтық хабар таратудан біртіндеп цифрлық хабар таратуға көшу жұмысы белсенді жүргізілуде. Шалғай аудандар тұрғындарының сапасы төмен 3-4 арнаға ғана қолы жетімді болған кездер бүгінгі күні артта қалды», — деді ол.

    Министр өз сөзінде отандық спутниктің телевизия абоненттерінің саны 1 млн. 300 мыңға жақындағанын атап өтті.

    «Бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырсақ, қазір көрермендеріміз отандық спутниктік телевизияға басымдық беріп отырғандығын сеніммен айтуға болады. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен оқырмандардың қалауын ескере отырып, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне редизайн жүргізілді. Қазір бұл газеттер толық түрлі-түсті форматта шығуда. Сонымен қатар олардың сайттары да үлкен жаңғыртудан өтіп, ықпалды ақпарат ресурсына айналды», — деді Дәурен Абаев.

    Дереккөз: Egemen.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.