Түркия астанасы Анкарада жыр алыбы Жамбыл Жабаев атындағы көше ашылды. Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында мұнан өзге бірнеше игі шаралар ұйымдастырылды. Қос ел арасындағы байланысты нығайту, ортақ мәдениетті қалыптастыру мақсатында облысымыздың өнерпаздары арнайы барып, Түркия аспанынын қазақ әуенімен әлдиледі. Елге оралған делегаттар журналистермен кездесіп, сапардан алған әсерлерімен бөлісті.
Ботагөз Мәдібек