Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Республикалық бюджеттің басым бөлігі қай өңірге жұмсалады
    Жаңалықтар

    Республикалық бюджеттің басым бөлігі қай өңірге жұмсалады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Республикалық бюджет өңірлердегі мемлекеттік бағдарламаларды қолдауға шығындарды арттырды — жыл басынан бастап 77%. Барлық мақсатты трансферттердің жартысынан астамы биылғы жылы үш өңірге бөлінеді: Астана, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысы, деп хабарлайды ffinprom.kz.

    2017 жылы өңірлердегі бағдарламаларды дамытуды қолдауға бағытталған республикалық бюджет қаражаты 41%-ға артып, 545,1 млрд теңгені құрайтын болады. Соның ішінде 109,3 млрд теңге «Нұрлы жер» бағадарламасы бойынша — тұрғын үй қорын, 104,3 млрд теңге — мектептегі білімді дамытуға және 71 млрд теңге ортақ қолданыстағы автокөлік жолдарының сапасын жақсартуға жұмсалады.

    Ағымдағы жылдың төрт айында 142 млрд теңге бөлінді, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 77% артық. 2017 жылы Астанаға бөлінетін 206,4 млрд теңге былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Олардың 47,6 млрд теңгесі жолдар мен өңірдегі тұрғын үйлердің дамуына бағытталды. Алматыға бөлінген қаражат көлемі керісінше, 37%-ға қысқарып, былтырғы жылмен салыстырғанда 46,9 млрд теңгеге азайды. Оңтүстік Қазақстан облысына бөлінетін трансферттер 2 есеге артып, 42,2 млрд теңгені құрады.

    2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен бөлінетін субвенциялардың күрт артқандығын байқауға болады. Егер былтырғы жылы олардың сомасы 836,9 млрд теңгені құраса, биыл 1,5 трлн теңге (+78%) көлемінде бағалануда. Ағымдағы жылдың бастапқы төрт айында жергілікті бюджеттен 423,3 млрд теңге бөлінді, бұл былтырғы жылдың осы кезеңіндегі қаржыландыру көлемінен 55% артық.

    Субвенцияларды республиканың 16 өңірінің 12-сі (Алматы, Астана, Маңғыстау, Атырау облыстарынан басқа) алады. Оның басым бөлігі, яғни 85,8 млрд теңгесі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі.

    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.