Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Дін істері министрлігі: Сирияға кеткендердің 90 пайызы кейіннен өкініп қалады
    Жаңалықтар

    Дін істері министрлігі: Сирияға кеткендердің 90 пайызы кейіннен өкініп қалады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Астанада өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Сирияға кеткен азаматтар жайында сайт пайдаланушысы қойған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Аталған министрлік баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Н. Ермекбаев Сирияға кеткен адамдар туралы мәселе ведомство құзыретіне кірмейтінін түсіндірді. Себебі аталған елге әртүрлі адамдар барады, негізінен олардың сапарлары діни көзқарастарына байланысты емес.

    «Бұл адамдар исламның құндылықтарын, сенім постулаттарын дұрыс түсінбейді. Біздің елде кез келген конфессиялар мен діни сенімдерге жағдайлар жасалған. Ешкім де қыспаққа алынған емес. Діндарлардың құқықтары қамтамасыз етілген. Тиісті діни ғимараттар тұрғызылған, сондай-ақ елдің заңнамасына қайшы келмесе, бүлдіргіш әлеуетті қамтымаса, олар өздерінің әдебиеттерін емін-еркін оқи алады. Ал аталған елге кететіндер наным-сенімнің түсінігін бұрмалайды. Олар өз кезегінде заңды бұзушылар болады», — деді министр азаматтардың сауалына жауап беру кезінде.

    Ермекбаевтың сөзіне қарағанда, біздің заңнамада шетелге барып, лаңкестік және басқа да заңға қайшы іс-қимылдарға қатысқан адамдарды сот шешімімен қазақстандық азаматтықтан айыру мүмкіндігін қамтитын норма қарастырылған.

    «Сол кезде осы адамдарға кері қайтатын жол жабық болады. Сондықтан да кез келген адам лаңкестік ұйымдардың сапына кірерден бұрын, алдымен өзін және отбасы мүшелерін Отансыз және азаматтықсыз қалдыруы мүмкін екендігін ойлауы тиіс. Атап айтқанда, Сирияға кеткендердің 90 пайызы кейіннен өкініп қалады. Олардың ішінде кейбірі өмірі қиылғандықтан орала алмайды, ал қалғандары жазадан қорқып, елге келмейді. Бұл негізі адам трагедиясы. Осының барлығы интернетте немесе таныстар арқылы жүргізілетін теріс насихаттың салдары. Қандай да бір халифатта өмір сүруді армандайды, алайда ол шын мәнін жоқ. Онда кәдімгі қылмыстық топтар бар, сәйкесінше сол жерде зорлық-зомбылық пен ұрлық, сондай-ақ өзге де қылмыстық жағдайлар орын алуда», — деді ведомство басшысы.

    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.