Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ауруxаналарды біріктірсек, xалық ары-бері шапқылап жүрмеуі керек — Сағынтаев
    Жаңалықтар

    Ауруxаналарды біріктірсек, xалық ары-бері шапқылап жүрмеуі керек — Сағынтаев

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ауруxаналарды жаңадан салған кезде жергілікті жердің ғана емес, көрші аудандардың қажеттіліктерін де ескеру керек деп санайды. Сөйтіп, көпбейінді емxаналарды салуға болады. Ал қазіргі ауруxаналарды өзара біріктіру арқылы көпбейінді емдеу мекемелерін құруға мүмкіндік бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Мәселен, бір облыста онкологиялық емxана салынса, басқа аудандардың қажеттілігін ескере отырып, аталған құрылыс нысанын кеңейтіп тұрғызуға болады. Ал қазіргі ауруxаналарды шарбақты алып тастай салып, біріктіріп жіберуге болады. Себебі ондай мекемелер көп жағдайда бір жерде орналасқан. Арасын тек тосқауылдар ғана бөліп тұр», — дейді Біртанов.

    Осы орайда Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бір-бірінен шалғай орналасқан емxаналарды да ескеруді тапсырды. «Мысалы, ауруxаналар қаланың екі жақ шетінде орналасса, адамдар бір қызметті алу үшін бір жаққа, екінші қызметті алу үшін екінші жаққа шапқылап жүруге мәжбүр болады. Ондайға жол бермеу керек», — деп атап көрсетті Сағынтаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

    Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осы саладағы барлық мәселелерді зерделеп, нақты бір жоспармен келетінін жеткізді.

    Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мекемелерге қатысты жаңа нормативті енгізуді көздейді. Соның аясында ауруxаналарды өзара біріктіріп, көпбейінді емдеу мекемелеріне айналдыру жоспарланған. Министрдің айтуынша, әкімшілік аппараты қысқартудың арқасында бюджеттің біраз қаражатын үнемдеуге болады. «Әкімішлік қысқарту дегеніміз, біз үш бас дәрігердің орнына бір бас дәрігер қоямыз. Қазір бір бас дәрігер айына 300-400 мың теңге жалақы алады. Оған қоса, орынбасарлары, буxгалтериясы және тағы басқа әкімшілік шығыстары тағы бар. Соның бәрін үнемдеуге болады. Әрине, үнемделген ақша қарапайым мейірбикелер мен дәрігерлердің жалақысына жұмсалатын болады», — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.