Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қаржы министрі мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемаларды атады
    Жаңалықтар

    Қаржы министрі мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемаларды атады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекеттік сатып алу жүйесін толық автоматтандырудың нәтижесінде 130 млрд. теңге үнемделді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Мемлекеттік сатып алу жүйесін толықтай автоматтандыру электронды камералы бақылаудың құрылуына түрткі болды. Ендігі уақытта ол нысанға бармастан, веб-портал арқылы онлайн-режімде жүзеге асырылады. Аталған шаралар бір конкурсқа қатысушылардың санын шамамен 4 есеге 1-2-ден 4-ке дейін арттыруға және үнемді үш есе ұлғайтып, 43 млрд. теңгеден 130 млрд. теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік берді», — деп атап өтті ол.

    Дегенмен, министр мемлекеттік сатып алу саласында шешілмеген бірқатар проблеманың қалып отырғандығын да жасырмады.

    «Бірінші кезекте, бұл бір көзден сатып алу үлесінің көлемді болуына қатысты. Бұл жемқорлық көріністері тәуекелдеріне түрткі болады. Мәселен, 2014 жылы жалпы көлемдегі мұндай сатып алу үлесі 79 процентті, 2015 жылы 75 процентті, 2016 жылы 69 процентті құрады. Бұған қоса, аталған бір көзден сатып алудың 69 проценті заңмен көзделген негіз бойынша сатып алулардың үлесіне тиесілі. Бұған дейін мұндай сатып алулар Заң нормасын қолданбай жүргізілетін. Қазір бұл әдістің барлық процедуралары порталда рәсімделеді. Бұл оларға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Қалған 30 проценті конкурстың өтпеуі нәтижесінде таңдап алынған бір көзден сатып алуларға тиесілі. Дәл осы бір көзден сатып алу түрі жемқорлық тәуекелге барынша бейім», — деді Сұлтанов.

    Оның айтуынша, өткізілмеген конкурстардың негізгі үлесі құрылыс жұмыстармен байланысты. Жалпы мұндай бір конкурсқа 7-8 компания қатысады. Дегенмен, құрылыстағы сатып алулар өтінімдерінің кері қайтарылуының басты себебі жобалық-сметалық құжаттарға байланысты.

    «Тағы да бір маңызды проблема сатып алуларға қатысушылардың басым бөлігінің біліктіліктерінің төмендігі болып отыр. Бұл сапасыз тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға себеп. Аталған проблеманы алдын ала біліктіліктік іріктеу институтын кеңінен пайдалану арқылы шешуге болады. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алулардағы мұндай тәсіл бірінші санаттағы күрделі құрылыстарда ғана қарастырылған. Сондықтан сатып алудың осы тәсілі арқылы сатып алынатын тауарлар, қызметтер мен жұмыстардың тізімін кеңейту жұмыстарын жүргізудеміз», — деді министр.

    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.