Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сұлтанов бөлінген қаржының мақсатты жерге “аман-есен” жеткізудің амалын тапты
    Жаңалықтар

    Сұлтанов бөлінген қаржының мақсатты жерге “аман-есен” жеткізудің амалын тапты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Квазимемлекеттік сектордың шоттарында жатқан қаражаттарды игеру регламенттеледі. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Шығыстар жағынан көтерілген мәселелерге тоқталсақ, шығыстар 98,3 пайызға атқарылып, 1 трлн.338 млрд. теңгеге өсуімен игерілді. Бүкіл шығыстардың жартысынан астамы, яғни 4 трлн.теңге әлеуметтік салаға бағытталды. 4 млн. 980 мың адамға бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы төленді. Бюджет қаражатының игерілуін қадағалауда жаңа тетік, яғни камералдық бақылау енгізілді. Өткен жылы мемлекеттік сатып алуда 13,7 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оны тексеру нысандары дер кезінде өздері түзетті. Бұзушылықтарды төмендету үшін бюджеттің атқарылуы кезінде превентивтік шараларды қолдануды күшейтеміз. Бюджет қаражатының тиімділігін арттыру, игерілмеу мен бұзушылықтардың сомасын азайту – бюджет заңнамасын жетілдіру жұмысының басты мақсаттары»,-деді Қаржы министрі.

    Оның сөзіне қарағанда, бюджет заңнамасына тиісті бағыттар бойынша өзгерістер енгізіледі.

    «Біріншіден, бюджет процесіндегі әкімшілік кедергілерді азайту. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игеруде бюджеттік бағдарламаның шеңберінде қаражатты қайта бөлу дербестіктері кеңейеді. Осы орайда әкімшілер мен жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі де күшейтілетін болады.

    Екіншіден, мемлекеттік орган бюджет қаражатын игере алмайтын жағдайда ол басқа әкімшілікке Үкімет шешімімен қайта бөлінеді.

    Үшіншіден, квазимемлекеттік сектордың шоттарында жатқан қаражаттарды қолдануды регламенттеу. Ол, қалдықтарды бюджет кірісіне қайтару немесе осы субъектілердің басқа инвестициялық жобаларын қаржыландыруға рұқсат беру арқылы шешімін табады. Жоспарлау кезінде қаржы-экономикалық негіздемеде көрсетілген соманың бәрін бірден бермей, кезең-кезеңімен қарастырамыз.

    Төртіншіден, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға жеке инвесторларды тарту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жоспарлау рәсімдері оңтайландырылады.

    Бесіншіден, нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісім алынып тасталады. Бірақ оларды пайдалануда қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті енгізу қарастырылды.Осы айтқан шаралардың нәтижесінде қаражаттың нақты экономикаға тез жетуіне жағдай жасалады»,-деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

    Дереккөз: naryk.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.