Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Депутат министрлерге: Банктер мен қаржы секторын қасиетті сиырдай мәпелеуді қойыңыздаршы
    Жаңалықтар

    Депутат министрлерге: Банктер мен қаржы секторын қасиетті сиырдай мәпелеуді қойыңыздаршы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.06.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Владислав Косарев үкімет мүшелеріне банктер мен қаржы секторын «мәпелеп, аяламауға» кеңес берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    «Құрметті министрлер, әсіресе коммерциялық блоктың өкілдері! Банктер мен қаржы секторын қасиетті сиыр сияқты мәпелеп, аялауды қойыңыздаршы. Нақты секторға назар аударыңыздар! Менің пікірімше, сіздер біздің экономикамызда маңызды орын алатын дәстүрлі салаларды ұмытып кеттіңіздер», — деді ол.

    Халық қалаулысының пікірінше, басшылар елімізде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі салаларға мән беруі керек. Себебі, бұл салалар алтын жұмыртқа табатын тауық сияқты.

    «Біздің дәстүрлі салаларымыз, былайша айтқанда, алтын жұмыртқа табатын тауық сияқты. Елбасы Конституцияға өзгеріс енгізу бастамасында сіздердің рөлдеріңізді және үкіметтің дербестігін күшейтті. Құрметті министрлер! Ең маңыздысы жауапкершілік күшейді. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу барысында. Сіздерге тиісті мүмкіндік беріліп отыр», — деді ол.

    Сонымен қатар Владислав Косарев Үкімет басшысына өз өтінішін айтты.

    Оның пікірінше, бюджет қаржысын игере алмағандығы үшін жауапты «үлкен басшылардан» алу қажет.

    «Бақытжан Әбдірұлы, өтініш, бюджет қаржысының игерілмегендігі немесе мемлекеттік бағдарламалардың орындалмағандығы қарапайым мамандардан сұрай бермей, қасыңызда отырған үлкен басшылардан, министрлерден сұрап көріңізші. Қазіргі таңда мұндай жағдай үнемі қайталанады. Сондай-ақ, бұл әрекет жұмысты орындамағаны үшін жазалау мақсатында нақты бір цифр шығару үшін жүргізіледі», — деп түйіндеді сөзін Мәжіліс депутаты.

    Дереккөз: Baq.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.