Стипендия иегері атану үшін үміткер 6 кезеңнен тұратын конкурстан сүрінбей өтуге тиіс. Үміткердің ағылшын тілін меңгеруіне қатысты шарт та қатаңдатылған.
Айталық, бұрын IELTS жүйесі бойынша бүтін 5 балл жеткілікті болса, қазір бұл көрсеткіш 5.5-ке дейін көтерілді. Ал шәкірттің мемлекеттік тілді білу деңгейі кешенді тестілеу арқылы анықталады.
Зульфия Төребекова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің орынбасары:
-Биылғы жылы біз конкурсқа қатысу құжаттарын 29 мамырдан 15-қыркүйекке дейін үздіксіз қабылдайтын боламыз. Одан бөлек, біздің конкурстық іріктеу шараларымыз 5 маусымнан 27 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұрын бакалавр дипломының орташа балы 3,0 болса, биыл 3,3 деген ұпайға көтеріп отырмыз. Бұл – барлығына қойылып отырған негізгі талап.
Дереккөз: 24.kz