Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Биылғы оқу жылында медициналық ЖОО-да педиатрия факультетi қайта ашылады – ДСМ
    Жаңалықтар

    Биылғы оқу жылында медициналық ЖОО-да педиатрия факультетi қайта ашылады – ДСМ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.06.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және адами ресурстар департаментiнiң басшысы Айгүл Қаптағаева Baq.kz тiлшiсiне педиатр мамандарын даярлау жүйесі жайлы ақпарат бердi.

    Маманның мәлiметiнше, ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен биылғы оқу жылында медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерi қайта ашылады. Сондай-ақ, осы жылдан бастап резидентураны бiтiрмей-ақ, интернатураны тәмамдаған педиатрларға жұмыс iстеуге рұқсат берілмек.

    «Қазіргі уақытта педиатрларды даярлау «Жалпы медицина» мамандығы шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл жалпы базалық даярлау (5 жыл) және «Педиатрия» мамандығы бойынша 2 жылдық интернатурада даярлау. Бұдан әрі педиатриялық бейіндегі арнайы мамандықты алу үшін 2 жылдық резидентурадан өту қажет. Барлық медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия және балалар аурулары кафедралары жұмыс істейді және осы пәннің шеңберінде қажетті кадрлық әлеуеті бар», — деп департамент басшысы ресми сауалға жауап бердi.

    Қаптағаеваның айтуынша, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап медициналық ЖОО-да педиатрия факультеттерiн ашу жоспарланып отыр. Онда 1-курстан бастап мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету үшін тек педиатриялық бейіндегі мамандар даярланбақ.

    «Жыл сайын елімізде интернатурадан кейін 280-ге жуық педиатр және резидентурадан кейін 530-ға жуық педиатариялық бейіндегі арнайы мамандар, атап айтсақ, неонатолог, балалар хирургі, балалар эндокринологы, гастроэнтерологы және т.б. даярланады», — дейдi маман.

    Оның айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде педиатрларға деген сұранысты толықтыру үшін ағымдағы жылдан бастап педиатрия бойынша резидентураны бітірмей- ақ, интернатураны аяқтаған түлектерді жұмысқа орналастыруға рұқсат берілмек.

    «Аралас емханалар жұмысының ұйымдастыру деңгейiн жетілдіру үшін Министрлік өңірлермен медициналық-санитарлық көмек деңгейінде кадрлардың нақты болуы, және кадрларды даярлау мен қайта даярлау есебінен педиатрлардың тапшылығы мәселесін шешу кестесін ескере отырып, педиатриялық учаскелерді ашу кестесін де пысықтады», — деп түйiндедi Айгүл Қаптағаева.

    Атап өтсек, қазақстандықтар бiрнеше жыл қатарынан емханаларда педиатр таппай қалған едi. Елiмiзде жеке балалар емханалары жабылып, сәбилер де, ересектер де бiр емхана мен бiр маманға қаралуға мәжбүр болды. Бұл мәселенi былтырғы күзде ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Дания Еспаева да көтерiп, Денсаулық сақтау министрлiгiне сауал жолдаған болатын.

    «2015 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап 2011-2015 жылдары денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы аясында балалар емханалары ересектердiкiмен бiрiктiрiлдi. Ендi барлық медициналық мекемелерде жалпы практика дәрiгерi балалармен қатар ересектердi де қабылдайды. Медициналық жоғары оқу орындарында «педиатрия» мамандығы жабылды. Педиатр мамандығын алу үшiн интернатура мен резидентураны бiтiру керек. Дегенмен, енгiзiлiп жатқан жаңашылдықтар қоғамда дау туғызуда. «Ақ жол» ХДП партиясына өтiнiш жасаған азаматтар емханаларда ұзын-сонар кезек қалыптасады деп жатыр. Олардың айтуынша, бiр дәрiгерге кезекте жүктi әйелдер, жас аналар мен қарттар да тұрады. Осындай кезектер қоғам көңiлiнен шықпайды. Қазiргi таңда терапевтер балаларды қарау үшiн төрт айлық курстан ғана өтедi, бұл жеткiлiксiз. Осының салдарынан ата-аналар ақылы медициналық қызметке жүгiнуге мәжбүр. Бұл реформа ата-аналармен қатар, дәрiгерлердiң өздерiне де ұнамайды», — деген едi өз сауалында депутат.

    Дереккөз: Baq.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.