Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Диплом қолға тиді. Жұмыс табу мәселесі қалай?
    Білім

    Диплом қолға тиді. Жұмыс табу мәселесі қалай?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.06.2017Комментариев нет4 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Маусым-шілде айларында диплом алған жастар жұмыс іздей бастайды. Бірақ жұмыс берушілердің көпшілігі стажы бар, теорияны практикамен ұштастыра білетін жоғары білімді мамандарға басымдық береді.

    Head Hunter порталының мәліметіне сенсек, вакансия жариялайтын жұмыс берушілердің тек 16 %-ы стажы жоқ адамды алуға әзір. Тағы 50%-ы 1-3 жыл, 27%-ы 3-6 жыл, 7%-ы 6 жылдан жоғары стажды талап етеді.

    Қажетті стаждың болмауы дипломы бар мамандардың жұмысқа орналасуын қиындатады. Мысалы, 2014 жылы оқу бітірген 58 331 адамның тек 12%-ы (5 595) мамандық бойынша жұмысқа тұрған (Зерттеу нәтижелері былтыр жарияланды). Бұл республика бойынша жұмысқа орналасқандардың 2,6%-ын құрайды. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда – 14 535. Ал Ақтөбе облысында оқу бітіргендердің тек 318-і (0,6%) мамандық бойынша жұмыс тапқан.

    Мамандардың айтуынша, білім, ақпарат және байланыс, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет, қаржы және сақтандыру мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары (4-4,6%). Орман, балық шаруашылығы мамандарында бұл көрсеткіш төмен.

    Яғни, жұмыс таба алмаған дипломы бар маман күнкөріс қамымен басқа қызметтерге орналаса бастайды. Бұл проблеманың себебін көпшілігі білім беру жүйесінен іздейді. Үкімет кадрлар дисбалансын анықтап, экономист, заңгерлерді азайтып, инженерлерге берілетін гранттарды арттыру керек дейтіндер де бар. Бірақ мемлекеттік тапсырыспен оқитын жастар тек 20% екенін де ескерген жөн.

    2000 жылдан бері жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,5 есе азайған. Ал 2015 жылы «Білім туралы» Заңға «ұжымдық оқыту» термині енгізілгені белгілі. Ол оқу орны, мемлекет пен жұмыс берушінің жас мамандарды бірігіп дайындауын көздейді.

    Қазақстанда жастарды жұмысқа тұрғызуға арналған бағдарламалар арқасында 36 мың жас маман қызметке орналасқан. Ондай бағдарламалар қатарында «Дипломмен ауылға», «Жас кадр резерві», «Жастар практикасы» бар.

    Мысалы, соңғы бағдарлама жастарға мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік береді. Жұмыс берушілердің жоғарыдағы талаптарын ескерсек, бұл жастардың жұмысқа тұруына септігін тигізе алады.

    Түлектердің жұмысқа орналасуының жаһандық рейтингі бойынша Гарвард Университеті (АҚШ), Кембридж пен Оксфорд (Ұлыбритания) алғашқы орындарда келеді. Бұл рейтингте Сингапур университетінің бір жылдың ішінде 17 позицияға көтеріліп, 39 орынға жайғасқанын атап өтуге болады. Оның үздік 200 студенті Бейжің, Стокгольм, Нью Йорк, Шанхай және Израиль университеттерінде тағылымдамадан өтеді, 6 ай кішігірім компанияларда жұмыс істеп, бизнес ашу жолдарын үйренеді.

    Шетелдерде студенттерді тағылымдамадан өткізу тәжірибесі жақсы дамыған. Мысалы, АҚШ-та Google, BMW, Microsoft, Bloomberg, Apple, ExxonMobil, Yahoo, Facebook компаниялары бакалавр, магистратура, докторантура түлектерін ақылы тағылымдамаға қабылайды. Мұндай тәжірибе Жапонияның ірі компанияларында да бар. 2015 жылдан бастап Үндістан да 6 айға дейін оқу бітірген жастарды мемлекеттік органдар мен ірі компанияларға, Ұлттық банкке тағылымдамаға қабылдайды. Әлем бойынша мұндай бағдарламалардың көбі орташа есеппен 6 айға дейін созылады. Тағылымдамадан өтетін орын шектеулі әрі тәлімгердің бірнеше сатыдан өтуі талап етіледі.

    Аталған бағдарлама аналогтары Қазақстанда да бар. Мысалы, көптеген кәсіпорындар техникалық бағытта білім беретін колледж, ЖОО-мен меморандумға отырып, дуалды оқыту жүйелері арқылы өздеріне маман даярлауда.

    Сонымен қатар ірі компаниялар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар да жыл сайын байқаулар өткізеді. Олардың қатарында «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының биыл жариялаған «Жас Өркен» жобасы бар. Оның ерекшелігі — қарамағындағы ұлттық компанияларға болашақ топ-менеджерлер дайындау мақсатында оқу бітірген жастарды тағылымдамадан өткізеді.

    «Үміткерлерге қойылатын талап көп емес. Бастысы, ЖОО-ны биыл бітірген Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Қалғанын іріктеу кезінде жазған эсселері мен жұмысқа құлшынысы, іскерлік қабілеті шешеді. Ақтық кезеңге өткен 20 тәлімгерге артылар үміт көп. Шамамен, 10 жыл ішінде олар басқарушы менеджерлер қатарына қабылданады деп болжап отырмыз» дейді бағдарлама жетекшісі Гүлнұр Жасекенова.

    Оның айтуынша, тәлімгерлер жұмысқа кіріспес бұрын бір ай «Самрұқ-Қазына» Корпоративтік университетінде, бір апта Мәскеудегі Deloitte компаниясында арнайы оқу курсынан өтеді. «Оку курсы аяқталған соң, финалдық кезең қатысушылары 20 айлық тағылымдаманы бастайды. Тәлімгерлердің лауазымы бастапқы маман мансабынан басталады және тәжірибе жинаған сайын өсуі мүмкін» дейді Гүлнұр Жасекенова. Оның айтуынша, әлеуметтік бағдарламаға Қазатомпром, KEGOC, Air Astana, Самұрық Энерго, Тау-кен Самұрық, Қазпошта, Қазақтелеком, Қазақстан теміржолы қатысады. Айта кететін нәрсе, бұл компанияларда тәжірибе жинау үшін міндетті түрде сол мамандықтың дипломы болуы шарт емес.

    «Финалдық кезеңге өту үшін 1-ші және 2-ші кезең тапсырмаларын, яғни уәждемелік эссе жазу, қабілет, мінез-құлық тесттерін жоғары дәрежеде тапсыру қажет. Өз-өзіне сенімді, білімге құштар, аналитикалық ойлау, көшбасшылық қасиеттері бар дарынды түлектерге басымдық беріледі» деп атап өтті Гүлнұр Жасекенова.

    Бағдарлама барысында тәлімгер өзі таңдаған бағыт бойынша төрт компанияда бес айдан жұмыс істейді. Мысалы, электроэнергетикалық бағыттағы инженерлікті таңдаса, Самұрық Энергоға қарасты кәсіпорында қатардағы инженер болып бастайды. Одан кейін қабілеті мен мүмкіндіктеріне байланысты қызметте өсе алады. Бағдарлама жаңа жүзеге аса бастағандықтан, алғашқы жылдың нәтижелік көрсеткіштеріне байланысты келесі жылы да жалғасуы мүмкін.

    Дереккөз: Egemen.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.