Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жансейіт Түймебаев кәсіпкерлерді туған жерді түлетуге шақырды
    Жаңалықтар

    Жансейіт Түймебаев кәсіпкерлерді туған жерді түлетуге шақырды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен өткен еркін форматтағы кәсіпкерлер кездесуіне қатысты. Жиынды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров жүргізіп отырды.
    Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен өңір кәсіпкерлері және банк директорлары, мемлекеттік мекеме басшылары, даму институттарының жетекшілері мен  БАҚ өкілдері  қатысты.
    Кездесу барысында  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған мақсат-міндеттер сараланып, өңірдің даму концепциясы талқыланды. Бизнестің өркендеуіне мемлекет тарапынан жасалынып отырған қолдаулар мен кәсіпкерлерді қаржыландыру жүйесінің жаңа тетіктері сөз болды.
    Туған жерді түлету — ортақ парыз екенін айтқан облыс әкімі Ж.Түймебаев кәсіпкерлерді туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен жанашырлықтың үздік үлгісін көрсетуге шақырды.
    «Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан бизнестің өркендеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасалынып отыр. Соның нәтижесінде тек соңғы 3 жылда облысымызда «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы  жалпы құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын  5,7 мыңға жуық жоба қаржыландырылды. Бұл дегеніңіз жақсы көрсеткіш. Десек те, алда атқарылатын жұмыстар әлі де аз емес. Бұл ретте мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен өңір экономикасын өркендетуде жеке кәсіпкерлердің қосып жүрген үлес, ықпалының зор екенін айтқым келеді», -деді Жансейіт Қансейітұлы.
    Сонымен қатар, әкім бизнесмендерге сауда орталықтары мен сити кешендерін салуды тоқтатып, халыққа қажетті тұрғын үй мен студенттерге арналған жатақхана салуды және өңірдің экономикасына септігін тигізетін туристтік жобаларды салу жайын көтеріп, сол жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
    Мұнан бөлек, жиында облыс әкімінің орынбасарлары өз салалалары бойынша мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүзеге асырылуы тиіс жобаларды таныстырып, бұл бағытта мемлекеттен көрсетілетін қолдауларды айтып өтті.
    Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды  мемлекеттік-жекешілік әріптестік шеңберінде 35 жоба салу ұсынылып отырғанын атап өтті. Ал облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов Түркістан қаласы мен Сарыағаш, Шардара, Төле би аудандарында іске асырылатын туристтік жобалар мен басқа да аудандарда іске асыруға болатын ауыл шаруашылық, өндірістік бағыттағы жобаларды таныстырды.
    Жүзге жуық кәсіпкерлер бас қосқан жиында олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінен туындайтын идеялардың жүзеге асуында және бизнеске кедергі болып отырған негізгі өзекті мәселелер туралы пікірлерімен бөлісіп, облыстың дамуы бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.