Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ертіс ауданының басшылығы Мақтааралдықтарды жұмысқа шақырады
    Жаңалықтар

    Ертіс ауданының басшылығы Мақтааралдықтарды жұмысқа шақырады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.06.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданына Павлодар облысы Ертіс ауданының әкімі Серік Батырғұжинов жұмыс сапарымен келді.  Ол Жетісай қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында солтүстік өңірлерге көшіп барып, жұмыс істеуге ниетті мақтаралдықтармен жүздесіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер туралы әңгімелеп берді.
    Ертіс ауданы Павлодар қаласынан 170 шақырым қашықтықта  орналасқан.  Жерінің жалпы көлемі 1019,3 мың гектарды құрайды. Ал, 915 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылады. Ауданда 268 шаруа қожалығы мен 17 серіктестік ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысады.  Алайда аталған қожалықтарда дәл қазіргі уақытта механизатор, аспазшы, жүк көлігін жүргізуші, малшы, токарші, моторшы, агроном, мал дәрігері, электрик сияқты мамандықтарды қажет ететін 40-қа жуық жұмыс орындары бар.
    «Ауданымызда бүгінгі таңда  математика, ағылшын тілі, тарих, орыс тілі, психолог, химия, информатика, бастауыш сынып, физика, технология, қазақ тілі, география, денешынықтыру, сызу, музыка пәндерінен 50-ге жуық мұғалім қажет.  Бұдан бөлек, медицина саласына қатысты 10-ға жуық мамандарға ваканция бар. Жоғары білімі бар, жұмыс таба алмай жүрген білікті мамандарды өңірімізді өркендетуге шақырамын»,- деді Ертіс ауданының әкімі Серік Батырғұжинов.
    Бүгінде Ертіс ауданы аймағында 27 мектеп, 5 балабақша және 1 колледж жұмыс істеп тұр.  Аудан әкімінің айтуынша,  көшіп келгендерді міндетті түрде жұмысқа орналастырып, тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығымен айналысамын деушілерге жер беріліп, тіпті несие арқылы лизингке техникалар алып беруге де әзір.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.