Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы мен «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесі аясында ағымдағы  жылдың 6-9 маусымы аралығында Түркістан — Шымкент қалаларында өтетін «Ортеке» V Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

    Шарада ОҚО мəдениет басқармасының басшысы  Нұрболат Ахметжанов жəне ТҮРСОЙ ұйымының арнайы өкілі Елчин Гафарлы фестиваль қатысушылары мен кішкене көрермендерді Түркі елдеріне ортақ айтулы күнмен құттықтады.

    Салтанатты ашылу рəсімі С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасының қазақ халық ертегісі желісінде құрылған «Қаңбақ шал» қойылымына жалғасты.

    «Ортеке» Халықаралық фестивалінің мақсаты – кәсіби қуыршақ өнерін көпшілікке таныту, аймақаралық ынтымақтастық пен кәсіби қуыршақ өнері саласындағы халықаралық мәдени байланысты нығайту, дарынды әртістер мен режиссерлерді анықтап, ынталандыру, қуыршақ өнері актерлерінің кәсіби және орындаушылық шеберлігі деңгейін арттыру, отандық қуыршақ өнерінің дамуына жағдай жасау болып табылады.

    Фестиваль аясында Түркістан – Шымкент қалаларының тұрғындары мен қонақтары: М. Жанғазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театры, Абдолла Шаиг атындағы Әзірбайжан мемлекеттік қуыршақ театры, Түркиядан Адана қалалық муниципалдық театры мен және «Қаракөз» театрлары, сонымен қатар Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры, Маңғыстау облыстық қуыршақ театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры және С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры ұжымдарының орындауында қазақстандық және шетелдік авторлардың туындыларын тамашалай алады.

    Осы орайда, барлық спектакль көрсетілімдерінің құрамына режиссер, Астана қаласы Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ешмұратова Құралай Халекетқызы (Қазақстан), UNİMA Халықаралық қуыршақ театрлары одағының Түркиядағы мүшесі, сыншы, қуыршақ театрларын зерттеуші-жазушы Озхан Мевлут (Түркия), Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Орынбор облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Смирнов Вадим Александрович (Ресей), Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген артисі Сабила Абуева (Қазақстан), Д. Танасоглу атындағы Гагауыз ұлттық театрының директоры Михаил Константинов ( Молдова) төрелік ететін болады.

    Халықаралық шара қазылар алқасының қатысуымен баспасөз отырысынан бастау алған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде фестиваль мақсаты мен  талаптар сынды көптеген сауалдарға жауап берілді.

    «Ортеке» V Халықаралық фестивалі 9 маусымға дейін жалғасады. Жеңімпаздар ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының арнайы тағайындаған жүлделерімен марапатталады.

    ОҚО Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.