2017 жылдың 26 мамырында Әл-Фараби АІІБ-не 1976 ж.т. Шымкент қаласының тұрғыны арызданып келген. Онда 20.02.1998 ж.т. қызы Мырзабек Дана Бахытқызы ағымдағы жылдың 23 мамыр күні сағат 13.00 шамасында университетінен шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен.
Бүгінгі таңда із-түссіз жоғалған Дана Бахытқызының жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
Жоғалған Дана Мырзабектің белгілері: бойы 165 см, дене бітімі орта, шашы иығынан қоңыр түсті. Қара түсті майкі, қара-көк түсті жейде, сұр джинс шалбары, көк түсті балетка-аяқ киім киген.
Оңтүстікқазақстандық полицейлер, облыс тұрғындарынан Дана Мырзабекті көрген-білгендер болса, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не8-7252-97-60-09, 8-776-800-81-81 нөміріне немесе «102» сымтетігіне хабарласуын сұрайды.