• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ипотека арзандады

05.06.2017
0

Алматы мен Астанада субсидияланатын несиенің шекті бағасы 20 млн, облыстарда 15 млн теңге болып бекітілді.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қаржылық операторлары «Қазақстандық Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы ел азаматтарына ипотека бойынша несиені субсидиялайды» деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша субсидияланған несиенің сыйақы мөлшері 10%-ды құрауы тиіс. Ұлттық банктің базалық мөлшері төмендеген кезде субсидия мөлшері жаңадан берілетін қарыз бойынша қысқартылады.

Субсидиялау кезінде алғашқы жарна көлемі 30%-ға төмендетіледі. Бағдарлама аясында субсидия сомасына шектеу қойылады. Бүгінгі таңда Алматы мен Астанада субсидияланған несиенің шекті бағасы 20 млн, облыстарда 15 млн теңгені құрап отыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасы ипотекалық нарықтың жандануына бағытталған. Бүгінгі таңда тұрғын үй сатып алғысы келген адамдарға банктер жоғары тариф ұсынады. Біз баспаналы болғысы келетіндерге қолдау көрсетеміз», – дейді ҚИК төрағасы Әділ Мұхамеджанов. Қазіргі уақытта елдегі банктермен осы бағдарламаға қатысты келіссөз жүргізілуде. Бүгінге дейін ҚИК «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ. «Тенгри Банк» АҚ сынды қаржы ұйымдарымен келісімге келген.

Осыдан сәл ертеректе инвестициялар және даму министрлігі құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бұл жеңілдікке Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ғана ие бола алатынын айтқан еді.

«Мемлекет ипотеканың құнын азайту үшін жаңадан салынған үйлерден пәтер сатып аламын деген кісілерге 10 пайызбен, ал жеке үй саламын деген азаматтарға 5 пайызбен ипотека береді. Бұл ипотекалар «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы субсидияланады», – деген болатын Мархабат Жайымбетов.

Сонымен қатар ол құрылыс комитеті мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» екінші деңгейлі банктерді 17 пайызбен ипотека беруге көндіріп жатқанын мәлімдеген. Бұған келіскен банктердің 17 пайыздық ипотекасының 7 пайызын мемлекет субсидиялайтынын, қалған 10 пайызын азаматтардың өздері өтейтінін тілге тиек еткен.

«Жеке тұрғын үй саламын деген азаматтарға да тура осы механизмнен өту керек. Алайда олар несиені 10 емес, 5 пайызбен төлейді. Ипотеканы субсидиялау үшін 10 млрд теңге жұмсалады. Нәтижесінде 600 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр», – деген еді Мархабат Жайымбетов.

Сонымен бағдарламаға қатысушылар нені білуі керек? Ең бастысы бұл жерде кез келген отандасымыз бағын сынап көре алады. Баспаналы болу үшін ипотека алған банкке барып, бағдарламаға қатысу туралы өтініш қалдыру керек. Оған мына құжаттар қажет: қарыз алушы мен оның отбасы мүшелерінің куәлігі, неке туралы немесе некенің бұзылғаны туралы куәлік, кәмелетке толмаған бала болса, оның туу туралы куәлігі, жұмыс орнынан соңғы бір жылдағы еңбекақысы туралы анықтама және еңбек келісімшарты немесе еңбек кітапшасының көшірмесі.

Банк құжаттарды 3-7 күн қарайды. Талапқа сай құжаттар ҚИК-ке жөнелтіледі. Олар субсидия беру-бермеу туралы шешім қабылдайды. Бұған үш күн уақыт кетеді. Олар сізге субсидия беру үшін мойныңыздағы ипотеканың мерзімі 15 жылға дейін болуы керек. Есепшотыңызда сатып алғыңыз келетін үй құнының 30 пайызы тұруы тиіс. Бұл сіздің алғашқы үйіңіз болуы шарт. Ал үйдің құны Алматы мен Астанада 20 млн, басқа өңірлерде 15 млн теңгеге дейін болуы керек.

Субсидия 10 жылға беріледі. Ескеретін мәселе: қарыз алу, қызмет көрсету мен келісімшарт түзу кезінде комиссия алынбайды; пәтер банктің кепілдігінде қалады, субсидия тек жаңадан салынған үйлерге (қайталама нарық емес) ғана беріледі, бағдарлама тек пәтерлерге ғана қатысты, жер үйлерге қатысы жоқ.

Сөз соңында елдегі банктердің жалпы ипотекалық несиелендіру шарттарымен қысқаша таныстыра кетуді жөн көрдік. Мәселен, Сбербанк банктің жылдық пайыздық үстемесі 14,5 пайыз болса, ағашқы салым көлемі 30 пайызды құрайды. Ал Altyn Bank-тен ипотека алғысы келетін адам 40 пайыз алғашқы салым салып, кейін жылына 17 пайыздық үстемеге көнуі тиіс.

Центркредит банктің де алғашқы салымы 40 пайыз, ал жылдық үстемесі 16,5 пайызды құрайды. Халық банкке алғашқы жарна ретінде үй құнының 40 пайызын салу керек. Олардың жылдық үстемеақысы 17,5 пайыз. РБК банктің жылдық үстемесі 19 пайызға дейін жетеді. Алғашқы салымы 40 пайыз.

Qazaq банкінің де алғашқы салымы 40 пайыз, жылдық үстемесі 20 пайыз. Форте банктің 40 пайыздық салымын салғаннан кейін жыл сайынғы үстемесі 21,49 пайыз. Цеснабанк алғашқы салымға үйдің 40 пайызын сұрайды. Одан кейін жыл сайын 20,5 пайыз үстеме төлеуді міндеттейді. Альфа банк пен Еуразиялық банктердің де алғашқы салымдары 40 пайыз, ал жылдық үстемелері 23 және 26 пайыз.

Дереккөз: abctv.kz

Бөлісу8TweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Елімізде 1 қазан – Қарттар күні. Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Белсенді...

«ЗОЛОТОЕ ЯБЛОКО» СҰЛУЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ТАБЫСТЫ БРЕНД

«ЗОЛОТОЕ ЯБЛОКО» СҰЛУЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ТАБЫСТЫ БРЕНД

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Тарихы мен қалыптасуы «Золотое яблоко» (Gold Apple) – Ресейден шыққан ірі парфюмерия және косметика дүкендер желісі. Компанияның негізін қалаушылар –...

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНДА ӘКІМ ТАЛ ЕКТІ

Айғақ медиа
16.10.2025
0

Шымкентте өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қала әкімі де атсалысты. Іс-шара барысында мегаполис көшелеріне шынар мен қайың ағаштары отырғызылды. Бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.