• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнес немесе мемлекеттік қызмет — қайсысы тиімді?

02.06.2017
0

Кейде өмір алдыңа екі таңдау қояды: не мемлекеттік , не коммерциялық қызмет. Ал қай қызметте мансап қуу тиімді екенін дөп басып айту тіпті де қиын. Барлығы мақсатың мен мінез-құлқыңа т.б. факторларға байланысты. Осы тұрғыда “Мегаплан” компаниясының директоры Сергей Козлов екі қызметте де қатар істеген тұлға ретінде өз кеңестерімен бөлісті.

Мен 20 жасымда белді бір шенеуніктің көмекшісі болып жұмыс істегендіктен, мемлекеттік қызмет туралы азды-көпті пікір айта аламын. Одан кейін де түрлі өндірістік алпауыт саналатын компанияларда жұмыс істедім. Егер ірі мемлекеттік бизнестен шағын және орта бизнеске үйренісу оңай болды десем, жалған айтқан боламын. Түптеп келгенде “Мегапланда” демократиялық атмосфера қалыптасқан.

Мемлекеттік компанияларда бюрократизм жайлаған. Ал біздің индустрияда басқару құрылымы қарапайым: басшы → бөлім басшысы →жұмысшы. Еңбек демалысына шығу үшін жарты жыл бұрын өтініш жазудың керегі жоқ. Қайта-қайта мазалай беретін хатшы да жоқ.

Бізде “ашық есік” деген ереже бар. Егер менің есігім ашық тұрса, кез келген адам кіріп, өз мәселесін айта алады. Егер жабық болса, “тақылдатып әуре болмаңыздар, менің қолым бос емес” деген сөз. Әріптестерімізбен “сен” деп сөйлесеміз, туған күнді бірге тойлап, айдың соңында қорытындыны да бірлесіп дайындаймыз.

Бизнесте мемлекеттік қызметтен келгендерді аяй қоймайды, сондықтан онда ұзақ отырып қалмауға тырысыңыз. Бірақ әр нәрсенің де өз уақыты бар.

Егер жас болсаңыз, әрі бәрі бірден болғанын қаласаңыз онда сізге тек коммерциялық мекемеде істеу керек. Ал мемлекеттік қызмет төзімділікті жақсы көреді. Бастапқыда екі мекеменің де жалақысы бірдей болғанымен уақыт өте келе едәуір айырмашылықты байқайсыз.

Бизнесте жалақы мөлшері жоғары. Бірақ белігілі-бір кезеңге дейін. Мемлекеттік басқару қызметінде тәп-тәуір жалақы алуға болатын шығар, бірақ оған жетуідің өзі қиынның-қиыны. Ол жерге бір “жайғасқан” адам да ұзақ отырады. Егер университет қабырғасында оқып жүрген болсаңыз мемлекеттік қызметке орналасыңыз. Біріншіден, академиялық демалысқа шығу жеңілірек. Екіншіден, тапқырлығыңыздың арқасында тамыр-таныс тауып, мықты іскерлік байланыс орнатуыңыз мүмкін. Ал бұл пост кеңестік аймақта ақшадан да қымбат.

Мемлекеттік қызметтегі әріптестерім өздерінің тұрақтылығы мен ашықтықтарын ең бағалы қасиеті деп есептейтін. Көптеген бюджеттік ұйымдарда қызмет етушілер болашақтарына сеніммен қарайды. Қалай десек те, шенеунікке жұмыс табылады, олар ешқандай дағдарысқа қарамай, кез келген билік үшін жұмыс істей береді.

Ал коммерциялық фирмадағы жағдай тікелей мемлекеттің экономикасымен тығыз байланысты.

Сондықтан егер сіздің жасыңыз 40-тан асқан болса, жеке бизнесіңізді ашпай және ешқандай биік мансапқа қол жеткізбеген болсаңыз — ойланбай мемлекеттік қызметке ауысуыңызға болады.

Мүмкін жалақы жағына келгенде ұтылатын шығарсыз, бірақ басқа жағынан алып қарағанда ұпайыңыз түгел болады. Салықтан жеңілдіктер аласыз, медсақтандыру, коммуналдық қызметтерді төлуге жеңілдіктер аласыз. Кейбір мемлекеттік мекемелерде әлі де санаториялар мен демалыс үйлеріне жолдамалар беріп отырады.

Бірден 28 күн демала аласыз, әрі тәжірибеңіз көтерілген сайын демалыс күндері де ұзара түседі.

Егер мемлекеттік қызметте жүргеніңізге он жыл болса да, кішігірім бөлім бастығынан әрі аса алмасаңыз, өз қабілетіңізді бизнесте сынап көругеніңіз мақұл. Сеніңіз, бизнесте өзіңізді көрсетуге мүмкіндік жетерлік.

Көптеген компаниялар  мемлекеттік қызметкерлермен сөйлесе алатын мамандарды іздейді. Бірақ сізден бұрынғыдай жұмыста құр отырғаныңызды емес нәтижені талап ететінін ұмытпаңыз.

Бизнесте қызметкердің жұмысын бағалау барысында үнемделген немесе қосымша түскен табысты есептейді. Бірақ мен әлі күнге дейін мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын қалай анықтауға болатынын және оны қалай ынталандыру керектігін түсінбеймін.

“Мегапланда” мен қызметкерлерді бақылауды барынша азайтуға тырысамын. Оларға еркіндік беріп, мақсатқа жету жолын өздері таңдағандарын қалаймын. Бірақ жетекші ретінде мен үшін де ең бастысы — нәтиже.

Жұмысшы кеңсеге бес минутқа кешігіп келді ме, жоқ па маңызды емес, оның бітіріп шығуы тиіс жұмыс көлемі бар. Жалпы басшылар тарапынан қатты бақылаудың болмауы жұмысшыға еркіндік беріп, өз тәртібін қалыптастыруына көмектеседі деп есептеймін.

Адамның ішкі ойларының да жұмысқа ықпалы мол. Өз аумағымен ғана шектелетін жұмысшылар әрқашан табалады. Өкінішке орай, ондайлар көп. Бірақ тағы бір жұмысшылар бар, олар әрдайым демалысқа шыққан қызметшілердің орнын алмастырады, бастыққа да көмектесіп жібереді, жаңа тапсырмаларға да тез үйренісіп алады.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызмет жұмыстың нәтижесімен бас ауыртпайтын адамдарға арналған. Олар өздерінің ақ екендіктерін дәлелдеуге әрдайым себеп табады. Егер сіз жауапкершілігіңізді өз қолыңызға алуға қорықпасаңыз, кәсіби жетілуге дайын болсаңыз коммерциялық компанияларға қарағанда мемлекеттік қызметте аз нәтижеге қол жеткізесіз.

Дереккөз: 7kun.kz

Фото: vd-tv.ru

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.