• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

EXPO қарсаңында Астанада маңызы зор екі нысан ел игілігіне берілді

01.06.2017
0

Арқа төріндегі заманауи әуежайдың жаңа терминалы мен су жаңа вокзал ашылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі бірдей ғимараттың тыныс-тіршілігімен танысты. Ертеңнен бастап жаңа терминалда тестілік жүйеде алғашқы халықаралық әуе рейсі қатынайды. Ал 5-6 күннен соң толық іске қосылып, күндіз-түні жұмыс істейді. «Нұрлы жол» вокзалынан да алғашқы жүрдек пойыздар ертең жолға шықпақ. Бастысы – қос кешен EXPO-ға келетін алғашқы қонақтарды қабылдауға сақадай сай тұр.

Астана әуежайы қанат жайды. Бірегей заманауи терминалдың ашылуы арқылы әуежайдың өткізу қабілеті жылына 3 жарым миллионнан 8 миллион жолаушыға дейін артпақ. Жүк өткізу әлеуеті де кеңейіп, ЕУРО-2020 талабына сай желі арқылы сағатына 1 мың 200 дана жүк алып өтуге мүмкіндігі береді. Елбасы бірінші кезекте сапаға мән берді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті

— Астана готовится к открытию ЭКСПО-2017 10 июня. В связи с этим я объезжаю новейшие объекты нашей столицы, которые являются новой гордостью Астаны. Это то, что мы сейчас видели, – аэропорт, в котором обслуживание с 3,2 млн до 8 млн пассажиров дойдет в 2025 году. Качество обслуживания будет совершенно другим, открываются новые авиационные маршруты. Охватываем почти всю Европу, Азию, откуда будут приезжать к нам люди. Это новый вид Астаны, гости наши будут видеть замечательный аэропорт, видеть ее современность, и будут восхищаться.

Қазір Астана халықаралық әуежайында 18 әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Олар 24 халықаралық және 17 ішкі рейстер бойынша жолаушы тасымалдайды. Ал ертеңнен бастап жаңа бағдарлар саны 45-ке дейін артады.

Әдимолда Рәділбек, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры:

— Осы жылы маусымнан бастап келесі айда тағы «Финэйр», «Визэйр», «Эйр China» өзі рейстерін ашып жатыр Пекинге. Сондықтан барған сайын әуе компаниялары көбейіп жатыр. 18 болды. Одан сайын көбейе береді.

Халықаралық стандарттарға сай келетін терминалды салу үшін 80 млрд теңге жұмсалған. Ғимараттың жалпы аумағы 47 мың шаршы метр. Мұнда күніне 12 мың жолаушыға дейін қабылдауға мүмкіндік бар. Ал тіркеуден өту үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ. Әуежай ішінде онлайн тіркелуге арналған қондырғылар орнатылды.

EXPO қарсаңында тағы бір қуаныш. Еңселі елордада жаңа заманауи вокзал ашылды. Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» кешенін аралап, нысанның мүмкіндіктерімен танысты.

Кешеннің жалпы аумағы 126 мың шаршы метрді құрайды. Алты деңгейлі. Жолаушыларға қызмет көрсететін негізгі залдар жоғарғы қабаттардан орын тепті. Кешенде жолаушылар ағыны, қауіпсіздігі мен электронды билет сату интелектуалдық басқару жүйесімен қамтылған.

Жұбан Көрпебаев, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ дирекциясының атқарушы директоры:

— Ғимараттың төртінші қабаты негізгі үйлестіру залы орналасқан. Мұнда кассалық аппараттар, анықтамалық бюро бар. Бесінші қабатта күту залы. Онда мейрамханалар мен сауда нүктелері қарастырылған.

Төменгі қабаттарда 740 орындық паркинг бар. Ал қатынайтын пойыздар болса бірден ғимараттың 3-ші деңгейіне келіп тоқтайды. Мұнда да бірегей технологиялар пайдаланылған.

Мұхтар Ыбырайым, тілші: -Вокзалдың 3-ші қабатында перон орналасқан. Жолаушыларды күтіп алып, шығарып салу осында. Мұнда 6 бірдей қабылдап-жөнелту жолдары бар. Қауіпсіздік деңгейі жоғары екенін бірден аңғаруға болады. Бастысы пойыздар қысы-жазы шатырдың астында тұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев перонның ахуалымен жеке танысты. Жүрдек пойыздың біріне мініп те көрді.

Бүгінде еліміз бойынша 14 бағытта жүрдек пойыздар қатынайды. 2022 жылға қарай ел аймақтарының барлығы қамтылмақ. Оның сыртында 7 мың шақырым автожол салу тағы бар. Нәтижесінде елдің экономикалық белсенділігі арта түседі. Сөйтіп, көлік инфрақұрылымы желісі дамып, жол айрықтарын жетілдіру ел игілігіне қызмет етпек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Осының барлығы болашақта елімізге қызмет етеді. «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуын қадағалап отырмын. Аэропорттың 3 млн-нан 8 млн жолаушыға көбеюі, вокзалдың күн сайын 18 мың жолаушыны аттандыруға мүмкіншілігі бар екенін, үлкен екенін, ТМД-да мұндай балама жоқ вокзал екенін елге, жұртқа көрсетейік деп Астанамызға, Қазақстанымызға мақтаныш болсын деп отырмын. Бұл – біздің жетістігіміз, мүмкіншілігіміз. Енді EXPO-ға келетін барлық халық осы жолдар арқылы келетін болады.

Жаңа вокзал Астана теміржол желісін дамытуға елеулі үлес қосары сөзсіз. Елорда агломерациясына көліктік қызмет көрсетіп, өңірлерді байланыстырады. Есесіне шаһардың оңтүстік қанатында көлік тығыны азаяды. Қалтай Самбетұлы теміржолда 60 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бұл салада ардагердің тәжірибесі зор. Бұған дейін мұндай заманауи, зәулім вокзалдың болмағанын бірден айтты ақсақал. «Нұрлы жол» кешенін күллі елдің мақтанышына балады.

 Қалтай Самбетұлы, құрметті теміржолшы:

-Бұл теңдесі жоқ, сәулетті де сүйкімді, ғаламат вокзал болып отыр. 35 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Міне, теміржолдың жетістігі. Біз мақтан етеміз. Кешеннің стартегиялық мәні зор. Вокзал елдің көлік-логистикалық жүйесінің маңызды бөлігіне айналды. Екінші жағынан бұрынғы вокзалға қатынайтын жолаушылардың санын азайтуға ықпал етпек. Енді Астанаға дейін келетін пойыздар жаңа кешенге тұрақтаса, транзиттік көліктер ескі вокзал арқылы өтеді.\

Нұрдәулет Қилыбай, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы:

— Ескі вокзалдың тәулігіне жолаушылар өткізу мүмкіндігі тек қана 12 мың адамға есептелген. Ал күніге ол жақта шын мәнінде 27 мың адам өткізіп жатыр. 2,5 есеге өсіп кеткен. Бұл жерде тәулігіне 35 мың адамға есептелген. Жаңа вокзал арқылы 27 жұп пойыз өтеді.

Вокзал бірінші жолаушыларын қабылдауға дайын. Ертең бұл арадан Алматы бағытында жүретін алғашқы пойыз жолға шығады. Осылайша, жаңа вокзал мен әуежай терминалы Астананың қос қақпасына айналары сөзсіз.

Дереккөз: 24.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.