• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Қаржылық есептілікті депозитарийге беру мәселелері

31.05.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қ.Сапарбеков   «Айғақ» қоғамдық телеарнасына «Қаржылық есептілікті депозитарий беру мәселелері» тақырыбында 2017 жылы  31 мамырда сұхбат берді.

sequence-01-still001

Сұхбат барысында Қ.Сапарбаев аталған мәселеге қатысты тиісті жауаптарын берді. Атап айтқанда;

Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қандай заңнамалық актілермен реттеледі немесе қадағаланады?

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1173 «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қаулысымен реттеледі.

Депозитарий дегеніміз не?

  • Жылдық қаржылық есептілікті және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы.

Жеке депозитарий ұйымдарды кімге, қандай органдарға есеп береді?

  • Ұйымдар жыл сайын есептеден кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей уәкілетті орган депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға белгіленген тәртіппен бекітілген тізбе мен нысандарға сәйкес жасалған, жылдық қаржылық есептілікті береді.

Ал, қайтадан құрылған ұйымдар ол тіркелген сәттен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезең үшін жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

Қосымша жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті қай заңнамалық актілерге сәйкес береді?

  • Еншілес ұйымдары бар ұйымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған қосымша жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті береді.

Ұйымдар депозитарийге беретін қаржылық есептіліктер нені (қандай есептерді) қамтуы тиіс?

1) бухгалтерлік баланс;

2) табыстар мен шығындар туралы есеп;

3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тура немесе жанама әдіс);

4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

5) түсіндірме жазба (ашып жазу) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Уәкілетті ұйым ұйымдардың электрондық есебін қабылдай ма? Егер қабылдамаған жағдайда қандай әрекеттер жасалады?

  • Уәкілетті ұйым ұйымдардың электрондық есебі түскен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде ұйымның электрондық мекенжайына қаржылық есептілікті депозитарийге енгізу немесе электрондық есепті қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді

Ұйымдардың депозитарийге тапсыратын қаржылық есептіліктері бойынша қандай жауаптылықта болады?

  • Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238, 239-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ұйымдардың депозитарийге тапсыратын қаржылық есептіліктері бойынша Сіз қызмет атқарып отырған мекеме тарапынан бақылау жүргізілді ме? Бақылау барысында қандай шаралар қабылданды?

  • ҚР ҚМ ІМАК (01.02.2017 жылғы № КВГА-318/514 санды хаты) тапсырмасы бойынша 8 квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 2014 жыл үшін ҚР бухгалтерлік есеппен қаржылық есептілік туралы заңнамасының сақталуына аудиторлық іс-шарасы жүргізіліп, жалпы 1 497 540 мың теңге бұзушылық фактілері анықталып, 6 квазимемлекеттік сектор субъектілеріне айыппұл салу түрінде әкімшілік жазаға тарту үшін хаттама толтырылып, қазіргі таңда 449 180 мың теңге айыппұл сомасы жергілікті бюджетке төленді. Қалған сомаларды (1 048 360 мың теңге) өндіру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Previous Post

Оңтүстік жұрты қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Next Post

Шымкенттегі наркологиялық ауруханадан өрт шықты

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.