• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Депутаттар квазимемлекеттік секторға бюджеттен қаржы бөлуді тоқтатуды ұсынды

25.05.2017
0

Парламент Мәжілісінде өткен «Самұрық-Қазына» АҚ-да мемлекеттік ресурстарды қолданудың тиімділігі туралы» атты дөңгелек үстел отырысында Қордың қарызына қатысты мәселелер көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылы Қордың пайдасы 575 млрд. теңге болды, мұнай-газ және кен өндіру секторларының қызметі есебінен – 510 млрд. теңге, телекоммуникация секторы есебінен – 56 млрд. теңге пайда тапқан.  Бірлескен кәсіпорындар мен ассоциацияланған компаниялардың пайдадағы үлесі 2015 жылы – 149 млрд. теңгені құрады. Ал 2016 жылы ол артып, 356 млрд. теңгеге жетті. Бұл өз кезегінде Қор жұмысының оң нәтижесі.  Сонымен қатар, соңғы бес жылда квазимемлекеттік сектордың жеке субъектілерінің активтерді басқару тиімділігінің төмендеу қарқыны байқалады. Осылайша, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерінің тиімділік коэффициенті 2012 жылғы 7  пайыздан 2016 жылы 2,6  пайызға немесе 2,7 есе азайды. Меншікті капиталдың тиімділік коэффициенті 2016 жылы 2,8 есеге азайды»,-деп тоқталды депутат Нұртай Сабильянов.

Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы Қордың  қарыз сомасы оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 трлн. 352 млрд. теңгеге азайғанына қарамастан, қарыз сомасы 2016 жылы 9 трлн. 938 млрд. теңгені (29,8 млрд $) құрап отыр (квазимемлекеттік сектордың барлық қарыздарының 70 пайыз шамасында), оның ішінде Үкімет қарызы – 3 трлн. 52 млрд. теңге, өзге де қарыздар – 6 трлн. 889 млрд. теңге (20,6 млрд $).

«Ал, 2016 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тобының қарыздар мен шығарылған борышқорлық бағалы қағаздар пайыздарына 320 млрд. теңге жұмсалды. Бұл Қор үшін өте үлкен салмақ. Сондықтан Қордың қарызды өтеуге қызмет көрсетуіне үлкен ақша сомасы жұмсалатынын, Қор компанияларының төлеуге қабілетсіздік жағдайында қарызды төлеу бюджет есебінен жүзеге асатынын ескере отырып (Қордың бірден-бір акционері ҚР Үкіметі болғандықтан), алынған табыстарды, бос қаражат пен пайданы қарыздарды өтеуге жұмсау қажет»,-дейді Н. Сабильянов.

Бұдан бөлек, соңғы үш жылда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын толтыруға  республикалық бюджеттен 948,5 млрд. теңге бөлінді, олардың көп бөлігі уақытылы игерілмейді және қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында  орналасқаны атап өтілді.

«2017 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтерге сәйкес, квазимемлекеттік сектор  субъектілеріндегі қалдықтар 113 млрд. теңгені құрады. Сондықтан да, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын бюджеттік қаражаттар есебінен толтыруды  тоқтату қажет. Бұл бағытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бірнеше жылдар бойы бюджеттен қаржыландырылмайтын және қаражаттарды облигациялар шығару арқылы тартатын Малайзиядағы  «Темасек Холдинг» компаниясының тәжірибесін қабылдау қажет»,-деді депутат.

Дереккөз: naryk.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.