• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Маусым 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оқу аяқталады, оқушылар не істейді?

23.05.2017
0

Санаулы күндерден кейін соңғы қоңырау соғылып, тү­лек­тердің тағдыр жолы әр та­­рапқа бөлінеді. Білім бә­се­ке­­сінде қабілеттілігін ай­қын­дап, айрықша көрсет­кішке қол жеткізуге себеп болатын бі­лім­­ді оқушылар легі сап түзеп, үл­­кен өмірге қадам басады. Ал он бір жыл бойы алған білім, ен­ші­леген тәрбие, қалыптасқан та­ным мен түсінік нәтижесінің қан­дай болмағы да уақытқа бай­ланысты.

Биыл ҰБТ қалай ұйымдастырылады?

Облыстық білім бас­қар­ма­сының берген мәліме­ті­не жү­гін­с­ек, биыл облыстағы жал­пы орта білім беретін 351 мек­тепті 8826 оқушы бітіргелі отыр екен. Яғни, орта мектепті 6611 түлек қазақ тілінде тә­ма­м­даса, қалған оқушылар орыс және өзбек тілдерінде аяқ­тайды. Жыл сайын ата-ана­лардың бас ауруына айна­лып, түлектердің дегбірін ке­ті­ретін ұлттық бірыңғай тес­ті­леуге де аз уақыт қалды.Ж­о­­­ғары оқу орнына түсіп, өзі таңдаған мамандықтың қыр-сырына қанығуды мақсат ет­кен оқушылардың бұл кү­ні бо­лашағы айқындалып, бі­лі­мі­нің сынға түсетіні де рас.

Бү­гінгі таңда еліміздің толағай та­быс­та­ры мен ғылыми техноло­гия­лар, ұстаздардың білімі мен бі­лігі деңгейінен қарасақ, биыл да білім сапасы оң нәтиже бе­руі тиіс. Бұл тұрғыда бас­қа­р­ма басшысы Сұлушаш Құр­ман­­бекова ата-аналар мен мек­­­теп бітірушілер арасында ҰБТ-ның жаңартылған фор­­матын ақпараттық тү­сін­­ді­ру жұмыстары кеңінен жүр­гі­зіл­генін айтып отыр. Сондай-ақ, мектеп бітіру­ші­лердің қорытынды аттес­тат­тауға дайындығын анық­­тау мақ­сатында облыс мек­­­теп­те­рінде 11-сынып оқу­шы­ла­ры­нан мемлекеттік ем­тихан тап­сы­ратын пән­дер­ден апта сайын бақылау жұ­мыс­тары алынып, мониторинг жүр­гізілуде екен. Енді мұның бар­лығының қан­дай нә­тиже бе­ретіні алдағы уа­қыт­тың ен­ші­сінде.

Бұл күні «бәйгеге шапқан» баланың да, «тақымын қысқан» ата-ананың да жауапкершілік жүгі ауырлай түсетіні анық. Айта кетейік, ағымдағы жылдан бастап ҰБТ жаңа форматта облыстағы 10 ұлттық бі­рың­ғай тестілеуді өткізу пункт­терінде 20 маусым мен 1 шілде ара­лы­ғында өтеді. Ал тес­ті­леуге қа­тысатын 6136 мектеп бі­ті­руші өз мүмкіндігіне қарай түр­лі пәндерді таңдаған.

Тараз қаласында жыл сайын ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін ірі орынның бірі – М.-Х.Дулати атындағы Тараз мем­лекеттік университеті. Уни­­верситет ректоры Мах­ме­т­ғали Сарыбеков аталған оқу орны емтихан тапсыру үшін түлектерді қабылдауға то­лық­тай дайын екенін айта ке­­ле, алдын ала сынама тест өт­кізу де бала психологиясына жақсы әсер қалдыратынын жеткізді. Сондай-ақ, университет проректоры Орынқыз Жол­дасова да ТарМУ-да 1130 ба­ланың тест тапсыратынын, оқу орны оған дайын екенін айтты. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев тестілеу күндері арнайы пункттерде медициналық қызметтің ке­зек­шілік жасайтынын, жедел жәрдем қызметінің де көмек көр­сететінін мәлімдеді. Об­лыста ҰБТ ұйымдастыруда бә­рі жолға қойылғанымен, ал­да­ғы уақыттағы нәтиже жайы мен түлектер тағдыры ойландырмай қоймайды.

Директорлар дұрыс шешім қабылдаса игі

Кейде алтын белгіге неме­се үздік аттестатқа үміткер де­ген түлектердің өзінің тес­ті­­леуге келгенде көсіле алмай қа­­ла­ты­ны болады. Мұны сол сәт­тегі түлек толқынысымен қан­ша байланыстырсақ та, арғы те­гінде білім нәтижесінің толық­қан­ды қалыптаспағанын аңғару қи­ын болмас еді. Мәселен, би­ыл жамбылдық 237 оқушы «Ал­т­ын белгі» төсбелгісінен жә­не 139 оқушы үздік аттес­таттан үміткер екен. Бәрінің де өз білімін дәлелдеп, өзі таң­да­ған оқу орнына кедергісіз тү­сіп кетуіне тілектес болсақ та, бір мәселе төңірегінде де ой­ласа кетуді мақұл көрдік. Қай оқушы білім бәсекесіне қабі­летті, кім алтын белгіге, кім үздік аттестатқа лайық де­ген мәселе төңірегінде жыл сайын жергілікті бі­лім бас­қар­масы сараптама жүр­гі­зіп, нәтижесін Білім және ғы­лым министрлігіне жолдайтын еді. Енді биылдан бастап бұл мәселенің бәрі де мектеп қабырғасында-ақ шешіле бе­рет­­ін болыпты. Яғни, түлектің «тағ­дыры» өзі оқыған мектеп директорының қолында деген сөз. Айталық, өткен жылы 220 оқу­шы «Алтын белгіден» үміткер болып, ҰБТ кезінде оның 130-ы, яғни 59,1 пайызы өз білімін дәлелдеген болатын. Сол сияқты үздік аттестатқа 86 оқу­шы үміткер болып, оның ішін­де 30 оқушы, яғни 34,5 пайызы өз білімін дәлелдеген еді. Бұл тұрғыда енді биыл мектеп директорлары дұрыс шешім қабылдаса игі деген ой бар.

Бар ақша бөлінбей отыр

Балалар мен жас­өс­пі­рім­дердің жазғы демалысын, сау­ық­тырылуын және ең­бек­пен қамтылуын сапалы ұй­ым­­дас­тыру қажет. Аталған іс-ша­ра­ларға 1 мен 10-сынып­тар­­да оқитын 196 566 оқу­шы­ны то­лық қамту жоспарла­нып отыр­­ғанмен, түйткілді мә­се­ле­­лердің де бар екенін жасыруға болмайды.

Тараз қалалық және ау­дан­дық білім бөлімдерінің мә­лі­мет­тері бойынша, бұл мақ­сатқа жер­гілікті бюджеттен 315 милли­он 208 мың тең­ге бөлінген. Тіп­ті, Байзақ, Жу­алы, Қордай,

Т.Рысқұлов жә­не Сарысу аудан­да­ры қар­жы­ны өткен жыл­да­ғы­дан да артық бөлген. Бірақ Мер­кі, Мой­ынқұм, Шу ауданда­ры бұл көрсеткіште ақсап тұр. Ста­­тистикаға жүгінсек, көр­сет­­­кіштердің өткен жылмен са­лыс­тыр­ғанда, күрт тө­мен­де­ге­нін аң­ғарар едік. Т.Рысқұлов ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы, Меркі ауданындағы «Жұлдыз» жә­не Талас ауданындағы «Жұ­рын­дысай» сауықтыру ла­герь­лерінде қала сыртындағы жә­­не мектеп жанындағы ла­герь­лердің тамақтану бл­ок­та­рын жаңа заманауи құ­рыл­ғы­лар­­мен қамтамасыз ету туралы ай­­тылғанымен, де күні бүгінге дей­ін шешімін таппаған.

Дереккөз:  Egemen.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.