• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Маусым 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Нұрлы жер» бағдарламасына қалай қатысуға болады

23.05.2017
0

ҚазАқпарат — Бүгінде халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі кез келген мемлекеттің негізгі басымдығы екені белгілі. Қазақстанда осы саладағы шаралар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атқарылып келеді. ҚазАқпаратқа сұхбат берген ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов аталған бағдарламаның басты ерекшеліктері жайында айтып берді.

— Мархабат Жайымбетұлы, «Нұрлы жер» бағдарламасы мен «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасының айырмашылығы неде? Білуімізше, бұдан былай «жас отбасы», «мемлекеттік қызметші» сияқты арнайы санаттар болмайды. Мемлекеттік бағдарламаға қатысатындар нақты екі топқа — «төлем қабілеттілігі бар» және «төлем қабілеттілігі жоқ» азаматтар болып бөлінеді. Олардың арасында баспана тарату жұмысы қалай жүргізіледі?

— Негізі, тұрғын үй саласында бұған дейін болған барлық механизмдер «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілді. Тұрғын үй жинақ пен ипотекадан бөлек, жеке тұрғын үйді салу жүйесі де бар. Бағдарламаның негізгі мақсаты — осы саланы нарыққа барынша бейімдеу. Мемлекет оған көп араласпауы тиіс. Себебі халықтың өз жинақтары бар, табысы да жоқ емес. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін арнайы баспаналар салынады. Мәселен, I топтағы мүгедектер мен жетім балалар арендалық үйді ала алады. Бірақ оны жеке өз атыңа аударуға рұқсат жоқ. Тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жеке баспананы алуға болады. Оған табысы мен жинақтары бар азаматтар қатысады. Мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер сияқты бюджет саласының мамандары, әскери азаматтар және тағы басқа тұрақты жалақысы бар адамдар дәл сол кредиттік баспананы алса да болады. Бұдан бөлек, екінші деңгейлі банктерді субсидиялау арқылы жекеменшік компаниялардан пәтер сатып алуға мүмкіндік бар. Жаңа бағдарламада ипотека да қарастырылған. Алайда оны тек қымбат үй алғысы келетіндер ғана пайдалана алады. Мемлекеттік бағдарлама аясында эконом-классқа жататын баспана салынады. Ал элиталық баспана ипотека арқылы сатылады.

— Арендалық баспана жайында кеңірек айтып берсеңіз? Ондай пәтерлерді жалға алу құны қанша болады?

— Ондай пәтерлер әкімдіктің кезегінде тұрған I топтағы мүгедектер мен жетім балаларға беріледі. Олар үшін салынатын арендалық пәтерлерді салу үшін бюджеттен жыл сайын 25 миллиард теңге бөлінетін болады. Осы ақшаға республика бойынша жыл сайын 3 мың пәтер салынады. Ал әрбір аймақта жылда шамамен 180 арендалық баспана пайдалануға беріледі. Жалға алу ақысына келер болсақ, әрбір шаршы метр үшін ай сайын 100 теңге төленеді. Мәселен, пәтердің ауданы 50 шаршы метр болса, бір айлық төлемақының көлемі 5 000 теңге болады, 60 шаршы метрге — 6 000 теңге дегендей.

— «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қай қалаларда құрылыс жұмыстары басталды?

— Қазақстанның ірі қалаларында құрылыс жұмыстары басталып кетті. Еліміздегі тұрғын үй құрылысының қазіргі қаржылық қоры 277 млрд. теңгені құрап отыр. Соның ішінде жекеменшік компаниялардың қаржысы, бюджеттің ақшасы және тағы басқа инвестициялар бар. Біздің жоспарымызға сәйкес, әрбір аймақта шамамен 15-20 млрд. теңге кредиттік баспанаға жұмсалады. Ал Астана мен Алматыда тұрғын үй жинақтары бойынша салынатын баспананың көлемі 30 млрд. теңгені құрайды. Осылайша, пәтер кезегінде тұрған азаматтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы Астана мен Алматыда үйдің бір шаршы метрін 180 мың теңгеге сатып ала алады. Ал аймақтарда бір шаршы метрдің бағасы 140 мың теңге болады.

— «Нұрлы жер» бағдарламасының қабылданғанына бір жыл да болған жоқ. Қалай ойлайсыз, аталған құжаттың кемшін тұстары бар ма?

— Енді, кемшіліктер жайында әлі ештеңе айта алмаймыз. Себебі ол бағдарламаның іске асып жатқанына небәрі 5 ай болды. «Нұрлы жер» бұған дейінгі «Нұрлы жол» мен «Өңірлерді дамыту» бағдаламаларының жалғасы іспетті. Алайда жаңа бағдарлама тұрғын үй құрылысын жаңаша жүргізуді көздейді. «Нұрлы жер» — бұл алдағы 15 жылға арналған үлкен жоспар. Ондай бастама елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Соның аясында тұрғын үй құрылысы саласы жандана түседі деген сенім бар. «Қалай?» дейсіз ғой. Мәселен, Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде біз миллион пәтер салдық деп отырмыз. Ал бір миллионды 25-ке бөлсек, жылына 40 мың пәтер шығады. Енді, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жыл сайын 100 мың пәтер салынады деген жоспар бар. Осының арқасында 15 жылдың ішінде 1,5 миллион отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге болады. Бұл оған дейінгі көрсеткіштен есе есе артық.

Баспана көп салынса, құрылыс саласы да жандана түседі. Мәселен, осы уақытқа дейін республика бойынша 17 үй салу комбинаты бой көтерді. Аталған комбинаттардың көмегімен жыл сайын 1,4 млн. шаршы метр баспананы салуға мүмкіндік бар. Құрылыс материалдары да өзіміздікі. Негізі, қазірдің өзінде тұрғын үй құрылысы саласындағы материалдардың 90 проценті — отандық өнімдер. Ал «Нұрлы жердің» арқасында үйді екі есе арзан бағаға алуға болады. Мәселен, Астана мен Алматыда бір шаршы метрдің бағасы шамамен 260-280 мың теңге, ал мемлекеттік бағдарлама бойынша кредиттік баспананың бір шаршы метрі 180 мың теңгеге шығып отыр. Аймақтарда да солай.

 — Қазақстанда баспана кезегінде тұрған азаматтар көп пе?

— Қазіргі кезде республика бойынша баспана кезегінде 2 млн. 300 мың адам тұр. Олардың ішінде 430 мың адам әкімдіктердің кезегінде тұрса, шамамен 800 мың адам — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. Бұдан бөлек, 1 млн. 300 мың адам жер кезегіне тіркелген.

— Жер демекші, жыл сайын 40 мың адамға жер беріледі деген ақпарат бар. Әрине, ол жерге алдымен су, жарық сияқты инфрақұрылым желілерін тарту қажет. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында дайын коттеджтер салынады деп естідік. Сол жайында айтып берсеңіз?

— Енді қараңыз, қазақтың үйінде бала көп қой. Әсіресе, оңтүстік аймақтарда бес-алты баласы барлар жетерлік. Солардың барлығын кезекке қойып қояды. Алайда жер бәріне беріледі деген әңгіме жоқ қой. Сондықтан біз облыс орталықтарында коттедж қалашықтарын салуды пилоттық режимде іске асырып көргенді жөн көрдік. Қалған өңірлерде, қала, аудан, моноқалаларда (кезекте тұрған бір отбасының бірнеше мүшесіне — авт.) бере берсін. Ал облыс орталықтары «ауылға» айналып кетпес үшін біркелкі коттедждердің болғаны дұрыс деп шештік. Ол жерде бірыңғай стиль, бірыңғай дизайн болады. Осындай талап қойып отырмыз. Алдағы екі жылда бұл бастаманы сынақтан өткізіп көреміз. Коттедж қалашықтарын Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және тағы бірқатар облыстарда салу жоспарланып отыр. Бүгінде коттедждердің типтік жобасы бекітілді. Мердігерлер ондай үйлерді салғанда бір шаршы метрдің бағасын 120 мың теңгеден асырмауы тиіс. Соның арқасында аталған баспана халыққа қолжетімді болады.

— «Нұрлы жер» бағдарламасына қалай қатысуға болады? Оған қандай құжаттар қажет?

— «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысамын дейтін азаматтар алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. Сол жерде өтініш беріп, әкімдіктің кезегіне тұру қажет. Дегенмен, баспана ең бірінші ардагерлерге, жетім балаларға, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға, мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласының мамандарына беріледі. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар да 11 санатқа бөлінеді. Ол — көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және тағысын тағы. Олар да өтініш беріп, кезекке тұруы тиіс. Алайда нақты шектеулердің де бар екенін ескеру керек. Соңғы бес жылда адамның атында баспана болмауы шарт. Ол — бір. Сосын Астана мен Алматыда тіркеуге тұру мерзімі 2-3 жыл болуы қажет. Аталған екі қалаға халық көптеп көшіп жатыр. Сол себепті жаңағыдай талаптар енгізілді. Мәселен, Мәскеуде тіркеу мерзімі 10 жылдан артық болуы шарт.

— Жақында «Ақжол» партиясы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылдан келетін жастар үшін жатақханаларды көптеп салуды ұсынды. Жаңа бағдарламада ондай шаралар бола ма?

— Жоқ, ондай шаралар қарастырылмаған. Негізі, бізде жатақханалардың типтік жобасы бар. Ондай құрылыстың бағасын да есептеп көрдік. Нарықтағы бағадан көп айырмашылық жоқ, небәрі 5-10 процент. Сосын ауылдан келетін жастар үшін жатақханалар жоғары оқу орындары жанынан салынып жатыр. Бұдан бөлек, оңтүстіктің жастарын солтүстікте көптеп қоныстандыруға арналған бағдарлама («Серпін» бағдарламасы — авт.) да бар. Соның аясында солтүстік өңірлерде жатақханалар салынуы қажет. Алайда ондай баспананың бағасы қалай болды, солай қалады.

— Сосын ажырасқан азаматтар мен әскерилер пәтер кезегінде тұрып, баспана ала алмайды деген ақпарат бар. «Нұрлы жер» бағдарламасында ондай талаптар да бола ма?

— Иә, ондай ұсыныс бар. Себебі некеге баспана алу үшін тұратындар көбейіп кетті. Алайда ондай азаматтарға баспана бермеу мәселесі Парламентте әлі қаралған жоқ. Әскерилер болса, бұрынғыдай кезекте тұр. Бірақ алдағы уақытта олардың төлемақыларын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне аудару жоспарланып отыр.

Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.