Өнер Әметұлы Әбдіқалықов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылдың 11 мамырындағы бұйрығымен Шардара ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ОҚО прокуратрасының баспасөз қызметі.
Ө.Әбдіқалықов 23.12.1982 жылы Чимкент облысы Мақтаарал ауданы Жетісай қаласында туылған, 2005 жылы Д.Қонаев атындағы университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2006 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Осыдан соң, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, осы басқарманың бөлім аға прокуроры, басқарма аға прокуроры, Сарыағаш, Мақтаарал ауданы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.