ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Болашақ» президенттік стипендиясын тағайындауға құжаттар қабылдау және конкурс өткізу мерзімін бекітті, деп хабарлады Kazpravda.kz.
БҒМ басшысы «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асыру бойынша кейбір шаралар туралы» бұйрығына қол қойды.
Құжатта, атап айтсақ, құжаттарды қабылдау мерзімі 2017 жылдың 29 мамырында басталып, 15 қыркүйегінде аяқталады деп көрсетілген. Конкурстың өзі 2017 жылдың 5 маусымы мен 20 желтоқсаны аралығында өтеді. Сонымен қатар, 2017 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында шетелде оқытылатын мамандықтар тізімі бекітілген.
Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткесін ғана қолданысқа енеді.
Фото: el.kz