• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандағы кей банктер азаматтардан заңсыз комиссия алып келген

19.05.2017
0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) жиі жол беретін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуына мониторинг және талдау жүргізді.

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша есепті кезеңде:

– банктердің банктік қызметтерді көрсетумен байланысты емес комиссияларды алуы;

– банктің салымдар бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты жария ету кезінде шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі міндетті орындамауы;

– құжаттамалық тексеру кезінде Ұлттық Банк сұратқан құжаттар мен түсіндірулерді банктердің ұсынбауы, оған теңесетін уақтылы ұсынбауы;

– банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде қарыз алушының сұратуымен ақпаратты беру мерзімдерін;

– Кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесінде1 көзделген берілген кредит бойынша құжаттаманы жүргізу тәртібін;

– төлем құжаттарын орындау тәртібін бұзу түріндегі бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

Мәселен, есепті кезеңде анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша:

– 2 банкке айыппұл салу және өндіріп алу түрінде санкция қолданылды;

– 11 банкке және 1 банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты 18 шектеулі ықпал ету шарасы қабылданды, оның ішінде 12 жазбаша ұйғарым және 6 жазбаша ескерту.

Банктердің жұмыс істеп тұрған және сол сияқты әлеуетті клиенттерінің заңды құқықтары мен мүддесінің бұзылмауына жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк төмендегіні түсіндіреді.

  1. Банктердің банктік қызмет көрсетуге байланысты емес операциялар үшін комиссиялар алуына қатысты.

Банктер туралы заңның2 39-бабына сәйкес сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді. Банктік қызметтерді көрсету ережесіне сәйкес банктік қызметтерді көрсетуге Банктер туралы Заңының 30-бабында көзделген банктік және өзге операциялар жатады. Банктер туралы заңның 39-бабына сәйкес банктер банктік қарыз шарттарында қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес. Осылайша, банк банктік операцияларға жатқызылған және банктік қарыз шартында көзделген қызметтер үшін ғана комиссиялар мен тарифтерді алуға құқылы.

Қарыз алушылардың назарын несие шотын жүргізу банктік операцияға жатпайтындығына аударамыз, өйткені несие шоты банктік болып табылмайды және баланстық шоттың құрауыштары болып табылады.

2016 жылғы 1 шілдеден бастап жеке тұлғаға берілген (берілетін) және жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес банктік қарыздарға және микрокредиттерге қатысты қолданыста болатын сыйақының жылдық тиімді мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін жеке тұлғаға берілетін банктік қарызға және микрокредитті беруге және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялардың және өзге төлемдердің нақты тізбесі4 қолданылатындығын атап өтеміз.

  1. Банктердің салымдар бойынша сыйақының шамасы туралы ақпаратты тарату кезінде сыйақы мөлшерлемесін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеуде (нақты құны, бұдан әрі – ЖТСС) жария ету міндеттілігіне қатысты.

Қаржылық қызметтерді тұтынушыларды 2007 жылдан бастап салымның нақты құнын және пайдалылығын салыстыру мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін заңнамалық деңгейде банктердің клиенттерге уәкілетті орган белгілеген формула бойынша есептелетін ЖТСС-тың әмбебап көрсеткішін жария ету міндеттілігі енгізілген. ЖТСС салымшыға салымды орналастырған кезде төлемдердің кезеңділігіне және сыйақыны есептеу шарттарына қарай салымшының қанша пайда табатындығын көрсетеді.

Қағидаларға5 сәйкес банктер ЖТСС:

1) қызмет көрсету бойынша сыйақы мөлшері, оның ішінде оны жария ету туралы ақпаратты тарату кезінде (жарнама буклеттері, жол үстінде тұратын билбордтар, стендтер, үндеухаттар, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар, электрондық почта, телефон бойынша берілетін ақпарат, клиенттерге ауызша консультациялар беру кезінде);

2) клиенттермен жасалатын қызмет көрсету шарттарында көрсетеді. Банктер клиенттермен жасалатын шарттарда шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін көрсету міндеттерін орындамауы, сондай-ақ салымдар бойынша сыйақы мөлшері туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде әкімшілік жауапкершілік атқарады.

  1. Банктердің әрбір берілген кредит бойынша кредиттік досьелердің толықтығын қамтамасыз ету міндеттеріне қатысты.

Кредиттеу бойынша құжаттама жүргізу қағидаларында банкте әрбір берілген кредит бойынша кредиттік досье жүргізілуге тиіс екендігі айқындалған, ол кредит беру туралы шартқа қол қойған күні ашылады және осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, оның қолданылуы тоқтатылған кезде жабылады. Кредиттеу бойынша құжаттаманы жүргізу қағидаларында әр кредиттік досьеде болуға тиіс құжаттардың тізбесіне талаптар көзделген.

Бұдан басқа, мына:

– шарттардың тұпнұсқаларын, кепіл затын берушінің кепілге салынған мүлкіне меншік құқығын растайтын (шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығын) құқық белгілейтін құжаттардың тұпнұсқасын және банк қабылдаған қамтамасыз ету бойынша құжаттардың басқа түпнұсқаларын сақтау үшін арналған Қазақстан Республикасының аумағында банктің үй-жайындағы банктің сақтау орындарына;

– шарттардың түпнұсқаларын, кепіл затын берушінің кепілге салынған мүлкіне меншік құқығын растайтын (шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығын) құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқасын және банктің сақтау орнына сақтауға берілген банк қабылдаған қамтамасыз ету бойынша құжаттардың басқа түпнұсқаларын сақтау және есепке алу бойынша;

– банктің басшы қызметкерлерінің ішінен шарттардың түпнұсқаларын, кепіл берушінің кепілге салынған мүлкіне меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын және банк қабылдаған қамтамасыз ету бойынша банктің сақтау орнына сақтауға берілген құжаттарының басқа да түпнұсқаларын сақтауға және оның есебін жүргізуге жауапты адамдардың тізбесін бекіту жөніндегі талаптарды қамтуы тиіс ішкі қағидаларды әзірлейді және бекітеді.

Осы Қағидалардың 29-тармағында құжаттаманы сақтау талабы көзделген синдикатталған қарыздарды беру жөніндегі шарттарды қоспағанда, шарттардың түпнұсқалары Қазақстан Республикасының шегінен тыс сақталмауға тиіс.

Кредиттік досьені жүргізуді, сондай-ақ ондағы құжаттардың толықтығын қамтамасыз етуді осы Қағидалардың талаптарына және банктің ішкі саясатының талаптарына сәйкес банктің тиісті бөлімшесінің жауапты қызметкері жүзеге асырады.

Осы тармақта белгіленген талаптардың сақталуына жалпы бақылауды банктің басшы қызметкері жүзеге асырады.

  1. Ақпаратты қарыз алушының сұратуы бойынша банктің ұсынуына қатысты.

Банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде банк клиенттің (қарыз алушының) немесе кепіл берушінің (Банктер туралы заңда көзделген банктік құпияны ашуға қойылатын талаптарды сақтай отырып) сұратуы бойынша сұрату алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған мыналар туралы жазбаша нысанда мәліметтер ұсынады:

1) банкке төленген ақша сомасы;

2) мерзімі өткен берешек мөлшері (бар болса);

3) борыш қалдығы;

4) кезекті төлемдердің мөлшері мен мерзімдері;

5) кредиттеу лимиті (бар болса).

Егер банктік қарыз шартында көзделген болса, осы ақпаратты банк банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен кезеңдік негізде ұсынады.

Банк клиенттің өтініші бойынша үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мыналарды:

– клиенттің (қарыз алушының) банктік қарыз шарты бойынша берешегін өтеу шотына түскен ақшасын бөлу туралы ақпаратты, бір айда бір реттен жиі емес;

– қарызды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық қайтарған кезде қайтарылуға тиісті соманың мөлшерін жазбаша нысанда өтеусіз негізде ұсынады.

Барлық жоғарыда аталған мәліметтер негізгі борыш сомасын, сыйақыны, комиссияны, тұрақсыздық айыбын және өзге де айыппұл санкцияларын, сондай-ақ басқа да төленуге тиісті сомаларды көрсете отырып ұсынылады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Құқықтары бұзылған жағдайда:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мына мекенжай бойынша: 050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, e-mail: info@kzp.nationalbank.kz жазбаша;

Құқықтық көмек алу үшін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 өтініш білдіруге құқығының бар екенін ескертеміз, анықтамалар үшін телефондар +7(727)2619213, +7(727) 2788104, ішкі 2061;

Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдауының мобильді нұсқасының бір түрі болып табылатын «ҚҰБ Online» мобильді қосымшасының «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөліміне («ҚҰБ Online» мобильді қосымшасы App Store және Play Market дүкендерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіру үшін қол жетімді);

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында, Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінде (http://www.nationalbank.kz/?docid=1374&switch=russian) көрсетілген мекенжайлар бойынша);

қарыз алушы мен банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банк пен қарыз алушы-жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын банк омбудсманына. Банк омбудсманының деректемелері: 050013, Алматы қ., Фурманов көшесі, 175, 302-офис. Телефондар: +7(727) 2612 216, +7 (708) 983 30 16, е-mail: office@bankombudsman.kz, сайт: www.bank-ombudsman.kz

Дереккөз: naryk.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.