Жоғарғы оқу орнын бітіріп, қолына дипломын алған жас маман үшін таптырмайтын мүмкіндік. Яғни, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің бітруші түлектері “Жас маман-2017” жәрмеңкесі арқылы жұмысқа орналаса алады. Бұл күні аталмыш білім ордасының алаңында 180-ге жуық жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекемелер шақыртылған. Олар жас маман иелерімен кездесіп, жұмысқа тұру туралы алдын-ала келісімдер жасады.
Аяжан Дәулетбай