ҰҚК Шекара қызметі Академиясының жүргізушісі 10 тапанша ұрлады деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«ҰҚК Шекара қызметі Академиясынан он тапаншаның ұрлануы дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында жедел-тергеу тобы осы оқу мекемесінің жүргізушісін ұстады, ол осы қылмысты жасаған», — деп хабарлады ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
Күдіктінің үйін тексеру кезінде ұрланған 10 тапанша табылып, тәркіленген.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz