Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның сақталуы мәселелері қаралды, деп жазады Үкімет басшысының ресми сайты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мүгедектердің құқықтарын әлеуметтік қорғау жүйесінің басты қағидаты мүгедектерді әлеуметке кіріктіру болып табылатынын атап өтті.
Бұл тұста басымдықты бағыт көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында қолжетімді ортаны құру болып табылады, онда басты тетікпен мүгедектер үшін аса жоғары маңызға ие 36 мың нысанға паспорттау жүргізу мен оларды бейімдеу айқындалған.
2017 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдармен жоспарланған 31,1 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының ішінде 28,9 мың (80,3%) нысанда паспорттау жүргізілген.
Паспорттаудың мақсаты толыққанды әрі сенімді ақпаратты анықтау, сонымен қатар мүгедектер үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділік деңгейін бағалау болып табылатынын айта кеткен жөн. Мүгедектердің қажеттіліктері үшін сәулеттік ортаны қалыптастыру келесі критерийлер бойынша іске асырылады: қолжетімділік, қауіпсіздік, ақпараттылық және жайылылық.
Еске салайық, 2015 жылы Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялап, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты халықаралық стандарттарды енгізу бойынша міндеттемелерді қабылдады. Сонымен қатар Конвенция нормаларын жүзеге асыру мақсатында «Мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Дереккөз: naryk.kz