Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов. Аты аталған үш азаматта өз дәуірінде елге еңбек етіп, есімдері тарихта қалғандар. Ұлтымыз үшін қам жеген қайраткерлеріміздің тағдыры трагедияға толы. Мәселен 1937-38 жылдары жазықсыз атылып, ғасырға жуық уақыт құпия қабірстанда жатты. Тек 2011 жылы ғана жатқан жерлері белгілі болды. Ресейдің астанасы Мәскеудегі «Коммунарка» зиратында жатқан үш арысты еске алып, насихаттап отыру ұрпақтың міндеті. Сондықтан «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы Ресей еліне жасаған сапарында зиратқа арнайы барып, құран бағыштауды дәстүрге айналдырған. Дәл осы мамыр айындағы сапарда үш арыстың жатқан жеріне қайта барған болатын.
Бағлан Байкөбекқызы