Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Боздақтар»Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрттық cоғыс ардагерінің шаңырағында болды
    Боздақтар

    Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрттық cоғыс ардагерінің шаңырағында болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.05.2017257 Views

    Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған облыстық салтанатты шарадан соң, арнайы Қазығұртқа табан тіреген аймақ басшысы  ардагер Иса Телікбаевтің отбасына барып, мерекемен құттықтады. Ардагердің өмір жолын, оның майданда көрсеткен ерлігін әңгіме барысында әкім  жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Елбасымыз әрдайым Ұлы отан соғысында  және тыл ардагерлеріне қолдау көрсетіп, олардың  хал-ахуалын көтеруге көп көңіл бөлген. Осы негізде және Ұлы жеңістің 72  жылдық мейрамы аясында Ленинград шайқасында  кең-байтақ жерді қорғап, ерлік танытқан  ардагерге облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы  өз тілегін жеткізіп, иығына шапан жапты.

    01

    Иса ардагер, 1922 жыл Қазығұрт ауданында дүниеге келген.  Ата –анасынан ерте айырылған ол, Тұрбат ауылындағы жетім балаларға арналған  үйінде тәрбиеленіп   өскен.  Ал, сұрапыл соғыс бастау алған  1942 жылы  ұрыс даласына аттанып,  Ленингард майданында, фин шығанағындағы соғыста болады.  1945 жылы елге оралып, 1946 жылы Қаратас аудандық партия мектебін бітіп шығады. 1960-1962 жылдары партия аудандық комитетінің төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады.  1962-1964 жылдары Ленин ауданы  комсомол орта мектебінің директоры. 1964-1967 жылдары әлішер Науайы колхозында штатты партия комитетінің секратары, 1967-1983 жылдары  Ленин аудандық партия, комсомол және кәсіподақ органдарының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

    Партия совет аппараттарында істеген қызметтерін жоғары бағалап, Қазақ ССР жоғарғы призидумында  «Құрмет» грамотасымен, СССР Жоғарғы советінің  Указымен «За трудовую доблесть» және  «Трудовой отличие» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.

    Ұлы отан соғысының ардагерінің көрсеткен ерлігі үшін бірнеше рет ІІІ дәрежелі  «Даңқ» орденімен және  «Ленинградты қорғағаны» үшін медальдарымен марапатталған. Бүгінде, атамыз  Қазығұрт ауданың «Құрметті азаматы», 2002 жылдан өзі туып өскен ауданының Төбе биі.  

    Ұлдархан Уәлиханқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.