• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қаңтар 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оқыған, жұмысы бар қазақ қыздары неге теңін таппай отыр?

10.05.2017
0

Қазіргі қоғамдағы мәселенің бірі – оқыған-тоқыған, жұмысы бар қыздардың теңін таппай отырғаны. Кейбір деректерге қарағанда, еліміздегі 18-бен 35 жас аралығындағы 700 мың тұрмысқа шықпаған қызға 300 мың бойдақ келеді екен. Осы орайда Астана арнасы мұның себебін білу үшін бірнеше қызды әңгімеге тартты.
Динара. Жасы 32-де.

Өзін «кәрі қыздар» санатына қосудан аулақ. Керісінше, өзін «тартымды» қалындықпын деп санайды. Жеке кәсібі бар. Соның жемісін көріп, «не кием, не ішем дегенге» басы қатып уайымдамайды.

«Мен жаспын, әдемімін. Жоғары білімім, тұрақты жұмысым бар. Ата-анама масыл емеспін. Тіршілік етіп, өз-өзімді қамтып отырмын. Ауқатты демеуші не болмаса ақшалы жігітім де жоқ. Өміріме ризамын. Осы күнге дейін тұрмыс құрмауымның себебі – өзіме сай адамды кездестірмедім. Шыны керек, қазіргі жігіттердің көбі «бала» сияқты. Жауапкершіліктен жұрдай. Ыңғайы келсе бәрін әйелдің мойнына жүктеп қойғысы келеді. Ондай жігіттің қажеті қанша?!

Қазақтың мақалымен айтатын болсақ, «отырған қыз орнын табады». Ол жағына мен қам жемеймін. Ата-анам маған ол туралы ештеңе айтпайды. Олар менің нені қалайтынымды біледі, қандай ер адамды. Сондықтан, менің өмірімді түрткілемейді», — дейді Динара.

Шымкенттік бойжеткен Майраның да жасы отыздан асқан. Мұғалім болып жұмыс істейді. Ұжымда беделді. Жазда мемлекеттік-жергілікті басқару мамандығы бойынша екінші дипломын алмақ. Табиғатынан момын, өте қарапайым, әрі ұялшақ.

«Таңдау деген негізі менде болған жоқ, материалдық жағынан. Ол жағынан тіпті іздеген де жоқпын. Ойымда да болған жоқ ол нәрсе. Тек ой-өрісі өзіммен деңгейлес адам болғанын қаладым. Бірақ сол жағынан көп менде кедергілер болды. Қазіргі жігіттердің ойлау деңгейінің, өмірге деген көзқарасының төмендігі, олардың жұмыс мәселесінде жалқаулығы, осы мәселе көңілімнен шыққан жоқ, шынын айтқанда«, — дейді Майра.

«Таңдаған тазға жолығады» дегенді Майра жақсы біледі. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, ұсыныс түссе, шыға салам, деп шорт кескен кездері де болыпты. Бірақ, көзқарасы мен өмірлік ұстанымы сәйкеспеген жанмен тағдырын қосу қателік екенін түсінген.

«Үмітім бар енді. Жалғыз болып қалғым келмейді шын мәнінде. Өзімнің отбасым, балаларым болғанын қалаймын. Дәл қазір мендегі уайым осы бала мәселесі. Егер кеш шығып қалсам әйелдің бақыты, болашағы бәрі осы баламен байланысты ғой, тек осы жағы мені шын мәнінде қатты толғандырады», — дейді Майра.

Ләззат Сейілханды оралдықтар жақсы біледі. Туған күн, құдалық, үйлену тойы, сүндет той мен мерейтойлар оның «Жұлдыз-шоу» тобынсыз өтпейді. Қазақтың тойы бітсін бе, бойжеткен әр күн дерлік той-томалаққа барады. Есептеп көрсек, бір тойда кемінде 200 адам болса, Ләззат аптасына 2000 адаммен бет көріседі екен. Бірақ осынша жұрттың ішінен өзінің бағын ашып, өмірлік серігі болатын нар жігітті таба алмай жүр. Жасы 31-ге келсе де, тұрмыс құруға асықпайды. Айтуынша, бұған ер азаматтардың өздері кінәлі.

«Көп жігіт сөз салғанда қайда жұмыс істейсің? Айлығың қанша? Көлігің бар ма? Үйің ба ма? Соған қарағанда мен ойлаймын, жағдайы бар қыздарды ұнататын сияқты қазіргі жігіттер«, — дейді Ләззат Сейілхан.

Дайын асқа тік қасық, демекші Ләззат «күшік күйеу» атануға әзір тұрған талай жігітті көзі көрген. Айтуынша, бұл ер азаматқа жараспайтын қылық. Бір сөзбен айтсақ, намыссыздық. Еркектің басты қаруы – еңбекқорлығы.

Сондықтан болашақ жарым жұмыстан қорықпайтын, ісі мен сөзіне берік, жауапкершілігі мол адам болса, деп армандайды.

Дереккөз:  nur.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.