Мамыр айынының 1-5 күндері аралығында Қазақстанның Құрметті журналисі Дулат Әбіш, «Айғақ» телеарнасының шығармашылық тобы мен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, Көлкент ауылдық округінің тұрғыны Мұхтар Ұзақов Ресейдің Курск облысында болып, жауынгер Пірәлі Ахмамбековтің сүйегін туған еліне жеткізгендігі белгілі.
Ал, осы сауапты тірлікке қолдау танытқан жандар қатарында, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов те бар. Қазыналы аймақтан барған бір топ азаматқа ерекше қолдау танытқан Елші делегация мүшелерін арнайы қабылдап, елге дұғай сәлемін жолдады.
Қан майданда жанын қиған ержүрек ерлерге деген құрметтің осылайша көрсетіліп жатқанына ризашылық білдірген Иманғали Тасмағамбетов бұл игі істің маңыздылығы жоғары екендігін айтып, жерлестеріне сәт-сапар тіледі.
Бағлан Байкөбекқызы