• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Сәуір 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мұнай нарығы: Жартыжылдық қорытындысы және екінші жартыжылдыққа болжам

04.05.2017
0

​Қысқа мерзімді толқулар болмаса, өткен апта басынан бері мұнай бағасының үздіксіз төмендеп келе жатқанын кей сарапшылар АҚШ энергетиктерінің ісімен байланыстырса, енді бірі Сауд Арабиясының саясатымен түсіндіреді. 51 долларға дейін арзандаған «брент» маркалы қара алтын соңғы бір айдағы ең төменгі көрсеткіш ретінде тіркеліп отыр.

Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мен оған кірмейтін мұнай экспорттаушы елдер бірлесіп, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл ортасына дейін өндірісті тәулігіне 1,8 млн баррельге азайту туралы келісім жасасқан еді. Нәтижесінде, 45 долларға саудаланған қара алтын бір айдың ішінде 50 доллардан асып кеткен еді.

Дей тұрғанмен, мамандар бұл көрсеткіштің де көңіл көншітерлік емес екенін айтқан. Жоспар бойынша, өндірісті азайтқаннан кейін, жыл ортасына қарай баға 55-60 доллар болады деп күтілген еді. Ал қазіргі таңда баға 52-56 аралығында құбылуда. Бағаның көтерілмей қойғанын инвесторлар АҚШ энергетиктерінен көреді. Мәліметтерге қарағанд, америкалық компаниялар өндіріске қарқын беріп, нарықтағы ұсынысты тағы да ұлғайтып жіберген. Онымен қоймай, АҚШ президенті Дональд Трамптың осы аптада АҚШ жағалауындағы аумақтарда мұнай мен газ шығару туралы қаулығы қол қойылатыны айтылды. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, Трамп мұнай-газ саласында 32 қаулыға қол қоймақшы. Олардың бірі ел жағалауындағы аймақтарда газ бен мұнай үшін оңтайлы жерлерді шолуға арналады. Қаулыларға қол қойылса, бұл қайраңда мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылаудың бірінші қадамы болады. Әрине, бұл бағаға кері әсер етпек.

Бағаның арзандығына АҚШ компанияларын ғана кінәлап қою әбестік болар. Бір кездері мұнай өндірісін азайту туралы бірінші болып бастама көтергендердің бірі Сауд Арабиясы енді жылдың екінші жартысынан бастап сол келісімшартты ұзартуға асығар емес.

Сонымен қатар, елдің ұлттық мұнай компаниясы Saudi Aramco Иран мен Ирак компанияларын Азия нарығынан ысыру үшін бағаны әдейі төмендетіп сатып жатқаны айтылуда. Сонымен қатар Саудия экспорт көлемін де ұлғайтуда. Келер жылы Қызыл теңіздегі Муаджиз порты жөнделгеннен кейін экспорт тіпті көбеймек.

Парсыларға келер болсақ, Иранның да, Ирактың да энергетика ведомство өкілдері ОПЕК+ келісімшартын ұзартуды қолдап отыр. Дегенмен, Ирактың қоятын өзіндік шарты бар. Елдегі саяси тұрақсыздықтан өндірістің төмендеп кеткеніне ОПЕК мүшелерінің түсіністікпен қарап, өндіріске қойылатын шектеуді азайтуды сұрайды.

Өз кезегінде Ресей әлі де бірінші жартыжылдықта мойынына жүктелген өндірісті тәулігіне 600 мың баррельге азайту міндеттемесін орындамаған. Дегенмен, алдағы бір айда жоспарды толығымен жабамыз деп отыр. ОПЕК+ келісімі аясында тәулігіне 20 мың баррель азайту туралы міндеттеме алған Қазақстан керісінше, осы уақыт аралығында өндіріске қарқын берген. Таяуда ОПЕК комитетінің отырысында осы мәселе сөз болып, кейін оған Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жауап берген еді. Оның айтуынша, жыл басындағы екі айда Қазақстанда жоспарға сай жұмыс істесе, одан кейінгі екі айда өндірісті көбейткені рас. Өйткені, Қашаған мен Қарашығанақ жоспарлы қуатына өткен. Дегенмен, мемлекет ОПЕК елдері алдында өз міндеттемесін толық орындамақ. Ол үшін алдағы мамыр-маусым айларында мұнайды аз шығаратын болады.

Жалпы, екінші жартыжылдықта ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімі өз күшінде қала ма? Инвесторлар ұйымға қатысушы елдердің мәлімдемелерін алға тарта отырып, жыл соңына дейін аталған мемлекеттер сол шартты сақтайды дейді. Жыл басынан бері 10 долларға қымбаттаған шикізат алдағы жарты жылда тағы осыншалықты қымбаттауы мүмкін екені де айтылуда. Оған себеп, бүгінге дейін нарықтағы ұсыныстың сұраныстан артықтығы жойылып, баланс орнаса, енді ұсыныстың тапшылығы тумақ. Бұл өз кезегінде бағаның айтарлықтай қымбаттауына түрткі болуы тиіс.

Мұнай бағасына тікелей байланысты теңге бағамы туралы отандық сарапшылар да кесіп ештеңе айта алмай отыр. Оның себебі де жоқ емес. Өйткені, бәрі 25 мамырға белгіленген ОПЕК отырысын күтуде. Онда әлгі келісімді ұзарту немесе күшін жою туралы шешім қабылданбақ.
Дереккөз: Egemen.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.