Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж А. Крол және елшіліктегі басқа да қызметкерлер Қазақстанның әнұранын домбырамен орындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша, Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстан халқының бірлігі күніне орай видеоролик дайындады. Әнұран домбыраның сүйемелдеуімен орындалып, видео әлеуметтік желілерде жарияланды. «Достық күші — бірлікте! Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен құтықтаймыз!», — делінген видеоның сипаттамасында.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz