• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Агросектор: Тоқсан қорытындысы не дейді?

28.04.2017
0

Жуырда болып өткен Үкімет отырысында Ауыл ша­руа­шылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов еліміздің аграрлық саласы үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанын негізгі көрсеткіштер бойынша елеулі табысқа қол жеткізгенін мәлім етті. Оның айтуы бойынша, 2017 жылдың бірінші тоқсанында саладағы ішкі жалпы өнімнің көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,9 пайызға өсіп, 353,7 миллиард теңгені құраған. Соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3 пайызға өсіп, 339,1 миллиард теңге болған. Ал егін шаруашылығында 14,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың осы мерзіміндегі деңгейін сақтап қалған.

Бір қызығы, егін ша­руа­шы­­лығында өндірілген осы 14,4 миллиард теңгенің 10 мил­ли­ард теңгеге жуығы бір ға­­на Оңтүстік Қазақстан об­лы­­сының үле­сі­не тиеді екен. Біз мұны еліміздің Ста­тис­тика ко­митетінің сайтына кіріп, сон­да­ғы мәліметтерге сүйене отырып анық­тадық. Сонда қысқы-көк­темгі мау­сымда өнім өндіру ісі елімізде тек бір облыста ға­на жолға қойылған ба? Мұ­ның сы­рын қалай түсінеміз?

Мұның өзі бір есептен тү­сі­нік­ті де. Оңтүстік Қазақ­с­­тан – кө­көнісі мен же­міс-ж­и­­­де­гі мол, жылыжайы көп өң­ір. Соң­ғы жылдары бұл өңір­де, әсіресе, жы­­лыжай ша­руа­шы­­лықтарының қар­­қын­ды түр­де дамытылуы өңір хал­қы үшін табыстың тағы бір кө­зін ашып бер­ген секілді. Сон­дай-ақ, жылыжайлар салу бір­шама дамыған Алматы об­лы­сында 2,1 миллиард теңгенің, Қарағанды облысында 590 ми­ллион теңгенің егіншілік өнім­дері өндіріліпті. Міне, осы өңір­лер­ді басқалардан қара үзіп, алда келеді деп айтуға болады. Ал Статистика комитетінің деректері бойынша, Қостанай, Қызылорда облыс­тарында үс­ті­міздегі жылдың бі­рін­ші тоқ­сан­ының қорытындысында егін­шілік саласында бар бол­ға­ны 5-6 миллион теңгенің ған­а өнімдері өн­ді­ріл­ген екен. Демек, бұл облыстар қыс­қы-көк­темгі маусымда көкөніс түр­­лерін тек сырттан сатып алу­мен ғана шұ­ғыл­данып, тіпті қы­сы жайлы ОҚО-ны айт­­­пай-ақ қояйық, ауа райы өз­де­ріне ке­летін Қарағанды об­л­ы­сы­ның қыста кө­көніс өн­діру тә­жі­рибесінен үйренуге мой­ын­сұн­бай отырғандығы сезіледі.

Дегенмен, мал шаруа­шы­лы­­ғында ет пен сүт секілді өнім­­дерді өндіру жыл он екі ай бойы жүргізіле беретін болса, егін шаруашылығындағы ас­тық секілді не­гізгі өнім өн­ді­рісінің маусымдық си­па­ты ба­сым болып келеді. Диқандар көк­темгі-жазғы маусымда жер өңдеп, оған дән сіңіріп, жас өс­кінді күтіп-бап­тап дегендей, көбінесе берекелі күз айы­на дайындала­ды. Қоңыр күз – диқан қау­ым үшін ең ырыс­ты кезең. Ал мал ша­­руа­шы­лығында мәселе бас­қа­ша. Мал өсірген адам үшін, егер ісін дұрыс жүр­гі­зе білсе, әр ай сайын табыстың қайнар кө­зі қай­най береді.

Соның дәлеліндей, еліміз бой­­ынша мал шаруа­шы­лы­ғын­да үс­­тіміздегі жыл­дың бі­рін­ші тоқ­са­нының ет өн­діру көр­сет­кі­ші өт­кен жылдың осы мер­зімімен са­­лыстырғанда 3,8 пай­ыз­ға ө­с­се, сүт өндіру 3,6 пайызға ар­­та түскен. Әри­не, мұндай ал­­ға ба­су­ларға Үкіметтің өт­кен жы­лдың соңы­н­да ауыл ша­руа­­шылығы саласында 2017-2021 жылдарды қамтитын жа­ңа бағдарлама қабылдап, онда өнім кө­ле­мін арттырудың және ауылдардағы тір­лікті жан­дандырудың бір­қатар тың тә­сілдерін іске қос­қан­дығы себеп бол­ғандығы ай­қын. Атап айт­қанда, бұл бағ­дарламада ауыл­дар­дағы үй ша­­руа­шылықтар мен шағ­ын шаруа қо­жалықтарын ауыл­шаруашылық коопе­ра­тив­­теріне біріктіре отырып, олар­дың қо­лындағы артық өнім­дер­ді жи­настырып, сүт зауытта­ры мен ет ком­бинаттары­на тап­сыру жөнінде шаралар ке­ше­ні әзірленіп, осы істі жү­зе­ге асыруға едәуір қаржы қарас­ты­­рыл­ған болатын.

Аталған мәселе бойынша, 2017 жылға еліміздің өңір­ле­рінде 326 ауыл­ша­руашылық кооперативін құру жос­пар­лан­са, тек бірінші тоқсанның өзінде ғана соның 182-сі құ­рылып үлгеріпті. Мұның 62-сінің сүт қабылдау, қалған 58 кооперативтің мал сою бе­кеттері бар. Жоспар бойын­ша сүт қабылдау ба­ғы­тында әлі 185, мал соятын орындар­ды ұйымдастыра отырып ет қа­былдау ба­ғытында тағы 30-ға тар­та кооператив ұйым­дас­ты­рылуы керек. Демек, мал ша­­руашылығы саласында өнім кө­­ле­мінің ұлғаюы әлі де жал­ға­са береді деген үміттеміз.

Енді өңірлер деңгейіне кел­­сек, бі­рін­ші тоқсан қо­ры­тындысы бойынша мал ша­руа­шылығы саласында 62 миллиард теңгенің өнімін өндірген Алматы об­лысының, 54 миллиард 448 миллион теңгенің өні­мін өндірген Оңтүстік Қазақстан облысының, 41 миллиард 813 миллион теңгенің өні­мін өндірген Шығыс Қазақстан облысының ел ішін­­де­гі үлесі өте қомақты екен­ді­гін, ай­туға бо­лады. Жалпы, үс­тіміздегі жыл­дың бі­рінші тоқ­санында еліміз бой­ынша өн­­­ді­рілген 339,1 миллиард теңгенің тең жарымына жуығы осы үш облыстың ен­ші­сіне тиіп отыр. Демек, ау­ыл ша­руа­шылығында, соның ішін­де мал ша­­руашылығында коопе­ра­тивтендіру ісінің өріс алуы бұл облыстардың аг­ра­р­лық әле­уетін ашуға қосымша сер­пін бе­реді деген ойдамыз.

Жалпы, мал шаруашылығы са­ласында өнім өндіруде Қос­та­най облысынан бас­қа барлық өңір­лердің алға бас­қа­ны бай­қалады. Мәселен, өткен жыл­дың бі­рінші тоқсанымен са­лыстырғанда мал өнімдерін өндіру көлемі Павлодар облысында 12,4 пайыз, Маңғыстау облысында 7,3 пайыз, Жамбыл облысында 4,2 пайыз, Алматы облысында 3,9 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында 3,7 пайыз, Ақтөбе облысында 3,4 пайыз өсе түскен.
Дереккөз: Egemen.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ӘСКЕРДІҢ МЫҚТЫ БОЛУЫ – ТЫЛ МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІНДЕ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жуырда Тыл мамандары күні аталып өтті. Бұл мереке – ел армиясының сенімді тірегі болып, көзге көп...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

БОЛАШАҚ САРБАЗДАРДЫҢ СЕНІМДІ ҚАДАМЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің генерал Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжінде ерекше мазмұндағы кездесу өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқу орнының...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТІҢ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕЛГЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Ресей Федерациясының Мордовия Республикасында, Саранск қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірім қыздар арасындағы X Әлем чемпионаты өтті. Байрақты додада Қазақстан құрамасы...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Бейбітшілік пен тұрақтылықтың, құқық пен еркіндіктің кепілі саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясына биыл 30 жыл толды. Осы айтулы мереке аясында Шымкент...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — САНАЛЫ ТАҢДАУ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Биыл Қазақстан Республикасы үшін айрықша тарихи белес — Ата заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1995 жылғы 30 тамызда дүниеге...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӘЛЕУМЕТТЕНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Ішкі істер министрлігі мен қалалық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңес...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.