Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 72 жыл толып отыр. Соғыс даласында оқ пен оттың арасында арпалысқан майдангерлерге сый-құрмет жасалмақ. Яғни 9 мамыр жеңіс күні қарсаңында, облысымыздағы әр ардагерге жергілікті бюджеттен 100 айлық көрсеткіш көлемінде 226 900 теңге сыйақы тағайындалады екен. Ал, ел басына күн туған сәтте тылда еңбек еткен азаматтарға 11 334 теңгеден үлестіріледі деп күтілуде. Айта өтейік, бүгінгі таңда өңірімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны 235-ты құрайды. Ал, тыл еңбекерлерінің саны 19 357.
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....











