• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астананы аралаған Назарбаев тұрғындармен не жайында сөйлесті?

27.04.2017
0

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астананы аяқасты жеке өзі аралап шықты. Мұндай тосын шешім оққағарларды ғана емес, шенеуніктерді де әбден састырғаны анық. Себебі өткен жұмада президент бас шаһардың кірқожалақ көшелері мен оның көркін кетіріп тұрған құрылыс нысандарын сынап, қала әкімі Әсет Исекешовке ескерту жасаған еді. Енді сол тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын өз көзімен көрмек үшін  Елбасы көлігіне мініп, Елорданы шарлап келді. Атқамінерлерді ғана емес,тұрғындарды таңқалдырған тексеру жайлы Ербол Сейілхан.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананы аралауға ескертусіз шыққан соң жол жабылған жоқ. Алдымен кортеж теміржол вокзалына соғып, кісі қарасы көп жүретін ауданға аялдады. Қаумалаған адамның ортасында емін еркін жүрген мемлекет басшысын көрген жұрт аң-таң. Президент вокзал ішіне кіріп қоймай, тіпті перронға дейін барды.

— Мен бәріңнің қолыңды ала алмаймын ғой.

-Қолыңызды алып қалайықшы, арманымыз еді.

-Осы жерге қонаққа келдіңдер ме?

-Жұмысқа кетіп барамыз вахтаға.

-Жұмыс істейсіңдер ме?

— Жұмыс істейміз!

Вокзалдан соң Елбасы бірнеше көшенің тазалығын сүзіп шықты. Тіпті кей жерде қызметтік көлігін тоқтатып, аялдамада автобус күтіп тұрған адамдармен жолықты.

—Қолын алыңызшы!

-Бұл баланың қолын алуға болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Қазір  «Экспоға» дайындалып жатырмыз. Сондықтан  қаланың ішінің тазалығын реттеуіміз керек. Қонақтарды күту үшін дайындалуымыз керек.Қонақ келгенде, дастархан жайып үй ішін жуамыз ғой. Бұл да солай.

Ал аялдамада президентті көзбе-көз көріп абдырап қалған астаналықтар қала тазалығы, көлік кептелісі, не  әкімнің жұмысына қатысты ештеңе деген жоқ. Тек алғыс жаудырумен болды.

—Жас отбасы   ретінде, мемлекеттік бағдарлама бойынша үй  кезегіне тұрып, бір жарым жылда үй алдық.  Өте қуаныштымыз, екі балалы болдық. Рақмет, сізге! 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Мен сенің жасында 10 жыл кезекке тұрып үй алғам. Бәріне бере салатын жағдай жоқ. Жұмысқа тұрып, кезекке тұрып үй алу керек. Несие де беріп жатырмыз. Алдымен төлейсің, кейін ептеп-ептеп өздеріңдікі болып кетеді.  Шыдаған адам  бәріне жетеді, сендер де  жетесіңдер

-Әумин, айтқаныңыз келсін!

Осылайша президент бүгін оққағарларын әбден састырды. Себебі кортежді қайта-қайта тоқтатып, көше бойында  жұртпен тілдесе кетті.

-Түсініксіз ие, ұл ма қыз ба?

— Қыз!

-Ауруханаға  бара жатырмыз жатуға.

Жанында тек оққағарлары болған президент  бүгін өзімен бірге Астана әкімі Әсет Исекешовті де ертпеген. Ал «ЭКСПО» қарсаңында алқам-салқамы шыққан Елорданың келбеті үшін сөз естіген қала басшысы дереу іске кірісіп кетті. Исекешов қазір Елбасы талап еткендей таңғы алтыда тұрып, құрылыс алаңдарын аралап, күл-қоқыс төгетіндермен күресіп жүр.

Дереккөз: ktk.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.