• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Долларсыздандыру: Ұлттық банк ұлттық валюта үшін не істеп жатыр

26.04.2017
0

Әлемді шарпыған жаһандық дағдарыстың бір саласы «валюта соғысы» ретінде де сипатталады. Шындығында дүниенің қаржы жүйесіне үстемдік етіп келген долларға қарсы «соғыс» соңғы бірнеше жыл бойы көптеген мемлекеттің күн тәртібінде тұр. Валюта сарапшылары доллардың әлемдік үстемдігін сонау жылдары алғаш рет араб түбегінде ағытылған мұнайдың әлемдік нарыққа шығуымен байланыстырады. АҚШ-тың алпауыт компаниялары араб мұнайын әлемдік нарыққа шығару үшін оның баррелін доллармен сатуды ұсыныпты-мыс. Содан бастап «көк қағаздың» әлемді жаулап алу миссиясы басталған. Әрине мұны теріске шығара алмайтынымыз да бар. Өйткені мұнай әлі күнге доллармен сатылады. «Қара алтын» бағасы құлдыраса, ұлттық валютадан да дегбір кететіні сол, бір жағынан.

Жалпы долларсыздандыру — экономикаға доллардың қатысуын шектеп, ұлттық валютаға басымдық беру. Бұл Қазақстан Үкіметінің де, Ұлттық банкінің де бірнеше жыл бойы нысаналы түрде атқарып келе жатқан жұмысы. Әрине, нарықтың ашықтығы, шетелдік инвестиция, халықаралық сауда мәселесі бұл жұмысты қиындата түсетіні анық. Дегенмен сол сұрақ — Қазақстандағы қаржы нарығының негізгі реттеушісі болып табылатын Ұлттық банк ұлттық валюта үшін не істеп жатыр? Ел экономикасын «көк қағаздан» тазартып, долларға тәуелділіктен құтыла аламыз ба? Оның қандай жолдары бар? Жауап іздеп көрелік.

«Теңге — доллар» дегенде Ұлттық банктің ең бірінші атқаратын шаруасы — долларсыздандыру. Теңгедегі тұрақтылықтың бір факторы, реттегіш құрал, шетелдік валютаны ел аумағында қолданыстан шығару мақсатында жүргізілетін шаралар, яғни, осы дедолларизация. Ал экономиканы долларсыздандыру үшін ең алдымен елдің санасын долларсыздандыру қажет. Жұрт «теңгенің тілінде» сөйлеуі керек. Қарапайым халықтың «теңге тілімен» сөйлеуі үшін елтұтқаларының есеп-қисабы теңгемен түгенделуі тиіс. Мұны Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев ескерткен еді. Мемлекеттік органдардың мәлімдемелері мен ақпараттарында шетелдік валютадағы эквиваленттерді пайдалануға тыйым салу туралы сөз қозғаған. Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін ақшалай сыйлықты да теңгемен белгілеу керектігін, бұның санадан долларды шығаруға септігі зор екенін айтқан-ды. Теңгеге сенім сонда артады. Бірақ айтуын айтты-ау, елеу, ескеру жағы баяғы жартас қалпы.

Енді атқарылған нақты істерге келейік. Ауқымды жоспардың алғашқы сатысы -теңгенің қолданыстағы салмағын арттыру. Тапсырма алған бойда іске кіріскен банкирлер бірден осыдан бастады. Сатылымға шығарған кез келген мүлік (жер телімі, үй, пәтер, автокөлік) құнын доллармен көрсетуге, шетелдік валютамен несие беруге тыйым салынды. Теңгемен ашылған депозиттердің пайыздық мөлшерлемесін 9%-дан 14%-ға дейін көтерді. Ал шетелдік валюталармен ашылған депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі 4,5%-дан 2%-ға дейін түсті. Себебі теңгемен сақталатын құралдардың табыстылығы жоғары болуы тиіс. Сондай-ақ ұлттық валютамен ашылған депозиттердегі кепілдендірілетін сома мөлшерін арттырды. Қазір мемлекет банк банкроттыққа ұшыраған жағдайда салымшыларға 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейінгі соманы қайтарады. Яғни, адамдарға капиталын шетелдік валютамен емес, төл теңгемен сақтау тиімді болуы керек. Осы шаралардың нәтижесінде теңгемен ашылған депозиттер көлемі артты. Бұл сөзімізді жақында бас банкир Данияр Ақышев дәйектеді. Биылғы қаңтар-ақпан айларында теңгемен сақталатын депозиттердің жалпы көлемі 0,3 пайызға өсіп, шетелдік валютаның депозиттері 11,5 пайызға азайған.

Бұдан бөлек, теңгені еркін айналымға жібергеннен кейін теңгемен депозит ашқан салымшыларға валюта бағамының айырмасын өтеу механизмі әзірленді. Бұл санатқа екінші деңгейлі банктерде 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған және шотта қалған сомасы 1 млн теңгеден асатын депозиттер ілікті. Шарты бойынша әр салымшы депозитті қайта ресімдегеннен кейін кемі бір жыл тиіспей, банкте сақтауға міндеттелген еді. Күні бүгінге дейін атқарылған бар шаруаның бас-аяғы осы. Бұл экономиканы «көк қағаздың» құрсауынан шығаруға жеткілікті ме? Бұған біз емес кәсіби сарапшы баға берсін.

Халықаралық Forex Club компаниялар тобының сарапшысы Валерий Полховский: «Атқарылып жатқан бұл шаралардың барлығы халықтың ұлттық валютаға деген сенімін күшейту шаралары. Егер теңгеге сенім болмаса, экономиканы долларсыздандырудан түк шықпайды. Экономикалық агенттер сенімді, балама валюта іздей бастайды. Өйткені кез келген экономикалық жүйеге барлық талап пен сұранысқа жауап бере алатын валюта керек. Долларсыздандырумен күресу үшін теңгеге сенімді күшейту қажет. Бұны қалай жасау керек? Ең қарапайым тәсілі — инфляция. Экономикалық жүйедегі инфляция процесі бақылауда болса ақша бірлігі өзінің барлық функциясын атқара бастайды. Ол құнның өлшемі, айналым құралы, жинақтау құралы болады. Экономикада инфляция жоғары болғанда ақша бұл рөлдерді атқара алмайды. Сондықтан бірінші инфляциямен күресу керек. Қазір Ұлттық банк теңгеге басымдық беріп, айналымдағы салмағын арттыру саясатына көшкенін ескерсек, бұл дәл осы мәселені шеше алады. Егер реттеуші инфляцияны реттеп, төмен деңгейде ұстай алатынын көрсетсе, біртіндеп теңгеге деген сенім күшейеді» — дейді.

Инфляция — азық-түлік пен көрсетілетін қызметтер құнының қымбаттауы. Яғни қымбатшылық. Сол себепті елдегі бағаны бір қалыпта ұстау маңызды. Обалы нешік, Үкіметтің жағы талмай айтып жататыны осы. Президенттің өзі бұл істі әкімдерге қатаң тапсырған. Бұл тұрғыда атқарушы билік қам-қарекетсіз емес. Күш салу арқылы жағдайды ушығудан аман алып қалып отыр. Алайда экономиканың жағдайы ұзын арқан, кең тұсауға салып, сенімді отыруға мүмкіндік бермейді. Инфляцияның қатері төнген сайын төтеп беретіндей сенімді отыру үшін ішкі нарықтың қажеттілігін толықтай өзіміз өтеуіміз қажет. Азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауарлардан бастап отандық өнімнің үлесін арттыру — ішкі инфляцияны бақылауда ұстаудың ең бірінші тетігі. Көп ақсап жатқанымызбен, бізде бұған мүмкіндік жеткілікті. Сонымен салыстырар болсақ, соңғы жылдары Қазақстандағы инфляция деңгейі баяу өскен.

Әлемді шарпыған жаһандық дағдарыстың бір саласы «валюта соғысы» ретінде де сипатталады. Шындығында дүниенің қаржы жүйесіне үстемдік етіп келген долларға қарсы «соғыс» соңғы бірнеше жыл бойы көптеген мемлекеттің күн тәртібінде тұр. Валюта сарапшылары доллардың әлемдік үстемдігін сонау жылдары алғаш рет араб түбегінде ағытылған мұнайдың әлемдік нарыққа шығуымен байланыстырады. АҚШ-тың алпауыт компаниялары араб мұнайын әлемдік нарыққа шығару үшін оның баррелін доллармен сатуды ұсыныпты-мыс. Содан бастап «көк қағаздың» әлемді жаулап алу миссиясы басталған. Әрине мұны теріске шығара алмайтынымыз да бар. Өйткені мұнай әлі күнге доллармен сатылады. «Қара алтын» бағасы құлдыраса, ұлттық валютадан да дегбір кететіні сол, бір жағынан.

Жалпы долларсыздандыру — экономикаға доллардың қатысуын шектеп, ұлттық валютаға басымдық беру. Бұл Қазақстан Үкіметінің де, Ұлттық банкінің де бірнеше жыл бойы нысаналы түрде атқарып келе жатқан жұмысы. Әрине, нарықтың ашықтығы, шетелдік инвестиция, халықаралық сауда мәселесі бұл жұмысты қиындата түсетіні анық. Дегенмен сол сұрақ — Қазақстандағы қаржы нарығының негізгі реттеушісі болып табылатын Ұлттық банк ұлттық валюта үшін не істеп жатыр? Ел экономикасын «көк қағаздан» тазартып, долларға тәуелділіктен құтыла аламыз ба? Оның қандай жолдары бар? Жауап іздеп көрелік.

«Теңге — доллар» дегенде Ұлттық банктің ең бірінші атқаратын шаруасы — долларсыздандыру. Теңгедегі тұрақтылықтың бір факторы, реттегіш құрал, шетелдік валютаны ел аумағында қолданыстан шығару мақсатында жүргізілетін шаралар, яғни, осы дедолларизация. Ал экономиканы долларсыздандыру үшін ең алдымен елдің санасын долларсыздандыру қажет. Жұрт «теңгенің тілінде» сөйлеуі керек. Қарапайым халықтың «теңге тілімен» сөйлеуі үшін елтұтқаларының есеп-қисабы теңгемен түгенделуі тиіс. Мұны Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев ескерткен еді. Мемлекеттік органдардың мәлімдемелері мен ақпараттарында шетелдік валютадағы эквиваленттерді пайдалануға тыйым салу туралы сөз қозғаған. Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін ақшалай сыйлықты да теңгемен белгілеу керектігін, бұның санадан долларды шығаруға септігі зор екенін айтқан-ды. Теңгеге сенім сонда артады. Бірақ айтуын айтты-ау, елеу, ескеру жағы баяғы жартас қалпы.

Енді атқарылған нақты істерге келейік. Ауқымды жоспардың алғашқы сатысы -теңгенің қолданыстағы салмағын арттыру. Тапсырма алған бойда іске кіріскен банкирлер бірден осыдан бастады. Сатылымға шығарған кез келген мүлік (жер телімі, үй, пәтер, автокөлік) құнын доллармен көрсетуге, шетелдік валютамен несие беруге тыйым салынды. Теңгемен ашылған депозиттердің пайыздық мөлшерлемесін 9%-дан 14%-ға дейін көтерді. Ал шетелдік валюталармен ашылған депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі 4,5%-дан 2%-ға дейін түсті. Себебі теңгемен сақталатын құралдардың табыстылығы жоғары болуы тиіс. Сондай-ақ ұлттық валютамен ашылған депозиттердегі кепілдендірілетін сома мөлшерін арттырды. Қазір мемлекет банк банкроттыққа ұшыраған жағдайда салымшыларға 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейінгі соманы қайтарады. Яғни, адамдарға капиталын шетелдік валютамен емес, төл теңгемен сақтау тиімді болуы керек. Осы шаралардың нәтижесінде теңгемен ашылған депозиттер көлемі артты. Бұл сөзімізді жақында бас банкир Данияр Ақышев дәйектеді. Биылғы қаңтар-ақпан айларында теңгемен сақталатын депозиттердің жалпы көлемі 0,3 пайызға өсіп, шетелдік валютаның депозиттері 11,5 пайызға азайған.

Бұдан бөлек, теңгені еркін айналымға жібергеннен кейін теңгемен депозит ашқан салымшыларға валюта бағамының айырмасын өтеу механизмі әзірленді. Бұл санатқа екінші деңгейлі банктерде 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған және шотта қалған сомасы 1 млн теңгеден асатын депозиттер ілікті. Шарты бойынша әр салымшы депозитті қайта ресімдегеннен кейін кемі бір жыл тиіспей, банкте сақтауға міндеттелген еді. Күні бүгінге дейін атқарылған бар шаруаның бас-аяғы осы. Бұл экономиканы «көк қағаздың» құрсауынан шығаруға жеткілікті ме? Бұған біз емес кәсіби сарапшы баға берсін.

Халықаралық Forex Club компаниялар тобының сарапшысы Валерий Полховский: «Атқарылып жатқан бұл шаралардың барлығы халықтың ұлттық валютаға деген сенімін күшейту шаралары. Егер теңгеге сенім болмаса, экономиканы долларсыздандырудан түк шықпайды. Экономикалық агенттер сенімді, балама валюта іздей бастайды. Өйткені кез келген экономикалық жүйеге барлық талап пен сұранысқа жауап бере алатын валюта керек. Долларсыздандырумен күресу үшін теңгеге сенімді күшейту қажет. Бұны қалай жасау керек? Ең қарапайым тәсілі — инфляция. Экономикалық жүйедегі инфляция процесі бақылауда болса ақша бірлігі өзінің барлық функциясын атқара бастайды. Ол құнның өлшемі, айналым құралы, жинақтау құралы болады. Экономикада инфляция жоғары болғанда ақша бұл рөлдерді атқара алмайды. Сондықтан бірінші инфляциямен күресу керек. Қазір Ұлттық банк теңгеге басымдық беріп, айналымдағы салмағын арттыру саясатына көшкенін ескерсек, бұл дәл осы мәселені шеше алады. Егер реттеуші инфляцияны реттеп, төмен деңгейде ұстай алатынын көрсетсе, біртіндеп теңгеге деген сенім күшейеді» — дейді.

Инфляция — азық-түлік пен көрсетілетін қызметтер құнының қымбаттауы. Яғни қымбатшылық. Сол себепті елдегі бағаны бір қалыпта ұстау маңызды. Обалы нешік, Үкіметтің жағы талмай айтып жататыны осы. Президенттің өзі бұл істі әкімдерге қатаң тапсырған. Бұл тұрғыда атқарушы билік қам-қарекетсіз емес. Күш салу арқылы жағдайды ушығудан аман алып қалып отыр. Алайда экономиканың жағдайы ұзын арқан, кең тұсауға салып, сенімді отыруға мүмкіндік бермейді. Инфляцияның қатері төнген сайын төтеп беретіндей сенімді отыру үшін ішкі нарықтың қажеттілігін толықтай өзіміз өтеуіміз қажет. Азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауарлардан бастап отандық өнімнің үлесін арттыру — ішкі инфляцияны бақылауда ұстаудың ең бірінші тетігі. Көп ақсап жатқанымызбен, бізде бұған мүмкіндік жеткілікті. Сонымен салыстырар болсақ, соңғы жылдары Қазақстандағы инфляция деңгейі баяу өскен. Кестеге көз жүгіртіңіз

20170425110135

Соңғы 18 жылдан бергі ең төменгі инфляция 2013 жылы тіркеліпті. Доллардың дүмпуі болған 2015 жылы әжептәуір өскен. Биылғы қаңтар-ақпанда 7,6 % құраған. Мамандар биыл жылдық инфляция осы деңгейде сақталып, 8 пайыздан аспайды деп отыр.

Ал доллармен несие бермеу сияқты шаралар — әкімшілік сипаттағы шаралар. Олар сөзсіз көмектеседі. Өйткені халықтың басқа, валютаны қолдануына алғышарттар осылай қалыптасады. Әкімшілік тыйым болса, алғышарт қалыптаспайды деген сөз. Демек қазір Қазақстан экономикасын долларсыздандыруға барлық мүмкіндік жасалған. Валюта бағамы еркін айналымда, қатаң несиелік саясат жүргізіліп жатыр. Ең бастысы, Үкімет Бас банкке еркіндік беріп, тізгінді өзіне ұстатты. Сарапшының сөзіне сенсек, мұндай мүмкіндік барда инфляциямен күресті сәтті жүргізуге болады. Инфляциямен күрес жақсы жүргізілсе, долларсыздандыру шаралары біртіндеп өзі-ақ алға басады.

Бұл бүгінгі тірлік. Бастауына келейікші. Біздің экономикамызға неге доллар дендеп еніп алған? Сарапшының сөзін ескеріп, қалыптасқан жағдайды саралай келе бір-ақ жауап таптық. Валюталық саясат о бастан жауапты жүргізілмеген. Ұлттық валютаға көшкен кезден-ақ ақша-несие саясатына бекем болғанда бүгінгі салдар мұндай болмас еді. Валерий Полховский ТМД-ның барлық елдері осы күйді кешіп отырғанын, бұрынғы КСРО аумағында «көк қағаздың» қаупін алыстан аңдап, валюта саясатын жауапты жүргізген Ресей мен Прибалтика елдері ғана екенін айтады. Осының арқасында Ресейде ара-тұра болған тұрақсыздық пен 1998 жылғы дефолт кезінде де рубльге деген сенімге селкеу түскен жоқ, шаруа шатқаяқтамады дейді.

Енді салдармен күресіп отырған біздің елге не істемек керек?

Ұлттық валютаның салмағын біртіндеп, жан-жақты арттыра беру ғана қалады. Сонда бүгінге дейін долларсыздандыру аясында қолға алынған негізгі жұмыс инфляция мен несие саясаты төңірегінде өрбіп отыр. Жұрттың санасын долларсыздандыру да біртіндеп жасалуда. Бұл әрине дербес экономикалық саясат жүргізетін егемен ел үшін аздық етеді. Бірқатар елдер болашақта АҚШ валютасына байланысты туындайтын проблемалардың алдын алуға тырысып жатыр. Мәселен, Ресей долларлық активтерге салынатын салымды қысқартып, алтынға басымдық берді. Бұл арада банктегі депозит қана емес, жинақтаушы механизмдердің басқа тармақтары — қазыналық қорлар, құнды қағаздар ұлттық валютамен құйылуы қажет. Бізде ірі компаниялар мен мемлекеттік ірі қорлар сыртқы саудадағы келісімдер үшін де капиталды доллармен сақтауға мәжбүр. Бұған Ұлттық банк қанша құралын іске қосса да пәрмені жүрмейді. Себебі ішкі саудада теңгемен есеп айырыссақ та, сыртқы сектордағы алыс-беріс «көк қағазбен» жасалады. Демек экономиканы доллардың дауылынан толықтай қорғауға дәрмен жоқ деген сөз.

Осы орайда Елбасының өзі экономиканы доллардың ықпалынан шығару үшін балама валюта қажеттігін айтқан болатын. Бәзбіреулер соның бір тетігі ретінде Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ валюта енгізуді ұсынды. Сарапшымыз Валерий Полховский болса, бұның екіұдай, асығуға болмайтын мәселе екенін айтады. Себебі одақ елдерінде шикізат экспортына тәуелділік жоғары. Сол себепті де әр мемлекеттің өз валютасы болғаны тиімді. Жан қысылып, мұрын ұшына келгенде әркім өз валютасын девальвацияға ұшыратып, бюджет шығынын қысқартып, әлеуметтік шиеленістердің алдын алады. Ал ортақ валюта енгізу үшін одаққа мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі бір-біріне жетеқабыл болуы керек. Бәсекеге қабілеттілігінде айтарлықтай айырмашылық болса, әлсіз елдің салық салу базасы, бюджет табысы төмендейді, қарызданады. Салдарынан экономикалық-әлеуметтік ахуал ушығады. Бұны күні бүгін Еуроодақ та дәлелдеп отыр.

 Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.